Кеше түнде Испания чемпионатының 33 турында мадридтік Реал Барселонаны қабылдады. Ойын 2-3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ал Барсаның басты жұлдызы Мессидің ойыны кезекті рет футбол сүйер қауымды қуантты. Классикодағы “өзгепланеталықтың” ойынындағы маңызды тұстарға назар аударайық:
Ойын басталысымен Реал бас бапкері Зидан жартылай қорғаушы Каземироны Леоға “байлап” қойды. Алайда Месси мадридтік ойыншыны сәт сайын қапы қалдырып отырды. Тіпті Каземиро ойынның алғашқы жартысында 2-ші сары қағаз алуы керек еді, бірақ төреші кешірді:
Реал ойыншылары Мессиде ойын ережесін жиі бұзды. Марселоның бұл әрекеті Леоның ашуын туғызып, керемет ойын көрсетуіне себеп болды десек те болады:
Кезекті керемет голы арқылы Месси дер кезінде ойын есебін теңестірді:
GOAL! Leo Messi 33' (1-1) #ElClasico pic.twitter.com/JYcNsI998T
— Media Cules Video (@mediaculesvid01) April 23, 2017
Ойынның 77 минутында Мессиді құлатқаны үшін Реалдың капитаны Рамос ойыннан қуылды:
Ramos red card. Madrid falling apart ?#ElClasico pic.twitter.com/DzLurxKujZ
— Manu Mishra (@itsMan_U) April 23, 2017
Cоңғы минуттардағы Мессидің жеңіс голы. Айта кетейік, бұл арқылы ол классико тарихындағы ең көп доп соққан ойыншы атанды және Барселона үшін 500-ші голы болды:
How #Messi scored his 500th #Barcelona goal #elclasico pic.twitter.com/sxWp3SDapa
— FourFourTwo ?? (@FourFourTwoSG) April 23, 2017