Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елге коронавируспен оралып, карантиннен жасырынатын адамдарға ескерту жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Әрине, кейбір жағдайда азаматтар тығылып, қайдан келгендерін жасырады. Өкінішке қарай, біздің жауапсыз азаматтарымыз бар. Біз бұл проблеманы шешу үшін техникалық мәселелерін қарастырып жатырмыз», – деді Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің арнайы жарлығы туралы айтты.

«Карантиннен бас тартқан немесе қашып жүрген азаматтарға айтқым келеді: бұл жерде әкімшілік жауапкершілік бар. Егер ол ауырып, басқа азаматтарға жұқтырса, заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп ескертті министр.

Еске салайық, 1А санатындағы елдер – Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Италиядан келген азаматтар 14 күн бойы міндетті карантинге жатады. 1В санатындағы елдер – Франция, Германия және Испаниядан келгендер үйінде 14 күнге оқшаулануы керек.

https://aikyn.kz/27498-2/?fbclid=IwAR0tJNnEnG2PPEJWJU_q6-nOs-fAqkxK6UXu7lk4dbreDYad092nujlqFjU

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз