Ауданбек Көбесов, Ақжан Машанов,

Ұзақбай Қожантовтардың ізін басып келемін.

Ұлы қазақтың аруағы деп сенемін,

Ауданбек, Ақжанның алысқа баратыныңа сенемін.

Ауданбек те, Ақжан да Әбуді бетке ұстап, тәлім-тәрбие алған жандар

Ол қазақтың баласы, ғалым болған данасы.

Отырарда туып, Дамскіде қайтыс болған.

Қазақтың перзенті әлемді ғылымымен таңдандырған,

Әбу Насыр Мұхаммед, Мұхаммед Тархан баласы,

Әбу он ойланып, мың толғанып, мына бір шумақ өлеңді дүниеге әкеліпті.

Ей, көздер, соқыр болмай қара да тұр,

Адамзат қасіретпен өтер бақыл,

Құмырсқалар үймелеп құлақтарға,

Көрде патша құлдармен бірге жатыр.

Біз болмасақ өмір тоқтап қалмайды,

Бізді ешкім есіңе де алмайды,

Біздер тумай тұрғанда да жұрт болған,

Бізсізде өмір жалғасын жалғайды,

Тыңда дос бостан-босқа торықпа сен,

Дүние жалған екен деп қорықпа сен,

Барыңа қанағат қыл, көңіл көтер,

Жалғанды ойлап мұңайма, тарықпа сен,

Әбу-Насыр Мұхаммед, Мұхаммед Тархан баласы,

Туған жері Сыр бойы, Түркістан, Арыс арасы,

Арабша Фараб аталған, Отырардың қаласы.

Фараби есімін алған даналардың данасы.

Ол қарапайым қазақтың данасы да, баласы,

Әбудің жасын сұрасаң мыңда жүз жыл шамасы,

Ежелгі түркі елінен, қанды қыпшақ қол болса,

Отырар мен Түркістан, Бағдат пен Мысыр, Шам аралаған арасы,

Сарын іздеп ғалымның, қалмаған ғылым саласы,

Шығыс пенен батысқа ұстаздық еткен дарасы,

Есімімді жат етсем, оянар халқың санасы,

Рухына дем берер, әруақты бабасы,

Алып ойдың арасын, айналып сен бір қарашы,

Аплотон, Сократ, Аристотель, Бократ, Солон,

Аштықсыз ашып жаңалық, ғадәләтті ақиқат,

Жеті қат көк қауқабы, жеттіңіз оған аралап,

Жолын тауып аспанның, ғарыштап шықтың ақтаңдап,

Көк үстіңе көк жалғай, сегізге жетті әфләк,

Тоғызыншы торда деп, қостыңыз жерді саралап,

Тоғыз шекті домбыраң, жер мен көкті жалғамақ,

Үніңді әлем тыңдаған, болар-ақ ардан сондай-ақ.

Аты жақсы дарияның сиқырлы тылсым сыры бар,

Атасы қыпшақ Әбудің, он екі ғажап қыры бар,

Айдап аққан Ніл дария, аспан таудан сыр дария,

Ежелден елдің бесігі, есіңді болсын бұл дария.

Әлемді жеңген ұлы қазақ

            Грецияның көне Стагира қаласында Солонның төр ағалығымен және даналығымен ғалымдар шайқасы өтті. Бүкіл әлем ғалымы, біліммен жеңетіндей көрінді. Әлемнің небір асқар білгір ғалымы келді. Бәрі де бірінші орынды алатындай кіл ғұламалар. Орын біреу, келген адам жүзден асады. Солон басқарды. Үш күн болған Стагирадағы білім шайқасында Әбу қасқайып тұрып, бәрін өз орнына қояды, анық жауап береді. Үш күн өтіп, соңғы шайқаста бәрі қол соғып Әбуге ризашылығын береді.

Ұлы қазақтың аруағы қолдап, туған жерінің құдіреті қолдады. Әлемді жеңген әл-Фараби таңқалдырды. Данышпан Әбу өзін әлемге танытты. Солонның өзі түрегеп тұрып  қол соқты. Әлем әл-Фарабиді таныды, Фараби әлемді таныды. Қазақтың даңқын арттырды, көбісі мал баққаннан басқаны білмейтін бұл қазақ қайдан ғалымбола қалды деп таңқалған болды. Кейін біздің бала деп таласты да, жанасты. Ол кезде сақтар әжептәуір азулы еді. Олар өзіне-өзі сенетін, айтқан сөзінде тұратын, өте қатал, қайсар еді. Міне, осылардың ішінен шыққан Әбу бұлардың айтқанына көнбеді. Әл-Фарабидің сөзі: «Біздер (сақтар) қазақтармыз. Мен өзімнің қазақ халқымның арқасында, осындай ғылыми шыңға, әлем бойынша жеттім. Мен қазақ болып тудым, қазақ болып өлем».

Стагира ежелгі Македония қаласы, Халкидики жарты аралы арасында Болбей көлі мен Стриман шығанағының аралығында орналасқан. Қазіргі Олимпиада шипажайының маңында, қазіргі атауы – Ставро. Андрийліктермен б.з.б VI – ғ. ортасына негізделген. Бастапқы атауы – Ореагория, Стагира айлағы деп аталған. Стагирада Аристотель тұрған, сол себепті Стагирит деп аталған. Филипп II Македониялық, Стагираны қиратып жойған. Уақыт өте Аристотель Ескендір Зұлқарнайынның ( ұлы Александр) ұстазы болғаннан кейін қалпына келтірілген. Міне, осы қалада Әбу үш күн ғалымдар шайқасында жеңіске жетті. Бұл ғалымдар шайқасын ұйымдастырған Ескендір Зұлқарнайын. Оның қаһарынан күшті, білгір ғалымдар әлемнің түкпір-түкпірінен келді, бұлардың ішінде Әбу де бар еді. Зұлқарнайын бұл жарысты өзінің ұстазы Аристотельге арнап еді. Ол Аристотельді ғалымдар шайқасынан әлем бойынша бірінші болады деп үміттеніп еді. Ойлағандай болмады. Өзінің білгірлігі мен еңбекқорлығының арқасында бірінші жүлдені Әбу Фараби иеленді. Зұлқарнайын тек жауынгер ғана емес, өте ақылды ғалым еді. Сол ақылдылығының арқасында ренжімеді, қайта Әбуді қолдап, қол соғып құрметтеді. Әбуге шын риза болды. Аристотель де Әбуге басын иді. Әбу үшін бұдан артық құрмет болмады.Екінші уәзір Ұзлағ Мұхаммед әкесі Әбудің баласының қуанышына ортақ болды. Бүкіл жүздеген ғалымдар қол соқты, кейбіреуі қуанды, кейбіреуі жылап жатыр. Қазақтың Әбуі бәрін жеңіп, данышпан екенін көрсетті. Міне, Әбу осындай еді, ерекше табиғи тұлға еді. Жалғыз ғана қазақ арасында емес, бүкіл шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен кісі македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Александ Зұлқарнайынның әлемді жаулап алуына себепкер болған Аристотельдің арқасы еді. Зұлқарнайын әл-Фарабидің де ғылыми еңбектерін, математикасын, астрономиясын, философиясын, геометриясының күрделі есептерін пайдаланды және жүзеге асырды.

Ескендір Зұлқарнайынның әлемдегі ең ұлы қолбасшыларының бірі болуына себеп болған ең басты нәрсе – ежелгі грек елінің білім мен ғылымдағы, мәдениет пен өнердегі ғаламат табысы деп білер едім. Гректерден шыққан ұлы ғалымдар Аристотель, Солон, Пифагор. Сол кезде әлем бойынша ғылымның ерекше дамыған кезі еді. Қай ғалымның еңбегі өмірмен, табиғатпен байланысса, соған бас ұрып, құлайтын, ғылымға алауыздық жүрмейтін. Әл-Фараби осылай шын ғылыммен айналысқан адам, ол нағыз ғалым. Зұлқарнайын да Әбу-Фарабидің тек математикасын емес, оның химия, астрономиясын алып пайдаланды. Тек алып қойған жоқ, жойқын жорықтарында нақты математикалық есеп пайдаланды. Ал түнде астрономиялық спан жұлдызы арқылы жолды білді. Жаудың қаншалықты күшті екенін білді. Көңілін Әбудің әнімен әсерлі етті. Зұлқарнайын Әбу-Фарабидің көп ғылыми еңбегін пайдаланды. Ауданбек Көбесов, Ақжан Машановтар бұл теореманы жалғастырушы. Сонда кіп-кішкентай Македониядан Александрді ұлы парсы мемлекетін жаулап алдырып, қос мүйізді Ескендір Зұлқарнайын еткен не нәрсе десеңізші?! Александр тек білімді ғана қолбасшы емес, жауының ойын алдын-ала оқып отырған, жүрек жұтқан жауынгер. Мен патшамын-ау деместен қауіпті шайқастардың өзіңде жанын шүберекке түйіп, әскерін бастап, ең алдыңғы шепте тойлап жүрді. Оны көрген жауынгерлері патшасы үшін жан беруге дайын болды, одан сайын рухтана түсті. Ал ол кезде басқа патшалар болса, әскерін алға жіберіп қойып, өздері алыстан бақылайтын. Ал жау өзіңе қарай беттесе болды, тұра қашатын. Зұлқарнайында қашу жоқ, ғылыми есеппен алға шабуылға шығатын. Ескендір Зұлқарнайдың парсымен соғысында тарихта қалған үш шайқас бар: Гранида, Иссада, Гавгамелада. Үшеуінің де әскер саны бірнеше есе көп болып тұрып, парсы патшасы сужүрек ІІІ Дарийдің қорқақтығынан парсылар жеңіліс тапты. Міне, осылай Зұлқарнай жарты әлемді жаулап алды.

Зұлқарнайын таққа қалай отырды?

            Б.з.д. 336 жылдың тамызында оның анасы ІІ Филиптің өлімі дағдарысты жағдайдың шешімі болды, оны өз күзетінің офицері өлтіреді және бұл астыртын сөз байласуға ұқсайды. Осыдан кейін Александр (Зұлқарнайын) билікке келді. Ал анасы Зұлқарнайынның бақталасы Клеопатраны асылып өлуге мәжбүрлейді. Александр әкесінің мұрагері атанып, парсы империясына қарсы соғысты әрі қарай оның империясын жалғастырды. Кіші Азиядан Үндістан шекарасына дейін созылады. Парсы империясы сол уақыттағы ең күшті империя болатын. Оның билеушілерінің – Ахмендіктердің Персепольда салтанатты сарайы бар еді. Негізінде Греция көбіне қорғанушы, ал парсы империясы шабуылдаушы ретінде болған. Грек-парсы соғыстарының басынан-ақ бұл екі держава арасындағы келісімге келмейтін қарама-қарсылық өсе берді. Міне, сол себепті де Александр Македонскийдің алып империяға қарсы жорығы әрбір гректің жүрегіне жол тапты. Зұлқарнайын халқы, елі қолдағысын әлемді жаулауға кірісті. Әбу өзінің бір сөзінде «Зұлқарнайын өмірде бір келетін табиғи тұлға» деді, бұны Аристотель де қолдады. Сол кезде Стагира мен Афинның арасы 284 шақырым болатын. Әл-Фараби өлшемі Түркістан-Дамск: 2 мың 900, 67 шақырым. Әл-Фарабидің әкесі Ұзлағ Мұхаммед сақ, оның ішінде қазақтардың қолбасы, Зұлқарнайда әскер басы болып жүрді. Зұлқарнайдың анасы Олемпиада алғыр да, ақылды еді. Олемпиада сенімді досы, бұған дейін үлкен, сыннан өткен  Ұзлағ Мұхаммедті шақырып алып, Клеопатраны өзі дарға асылуына бұйрық береді. Бұны Ұзлағ Мұхаммед ойланбай-ақ тез арада орындайды. Ал егер гректер бұл жағдайды істесе, грек арасында толқын туар еді, бұны Олемпиада өте жақсы білетін. Сөйтіп ІІ Филипп өлгесін адал мұрагер болды. Ұзлағ Мұхаммед өлгенінше бірінші уәзір атағын алып өтті. Әбу әкесін мақтан етті. Ол ғылымның ең бір қатты дамыған кезі еді.

Бай болғың келсе, жүрегіңе үңіл!

Әбу Мұхаммед анасына айтты:

— Халық бақытты, молшылықта өмір сүргісі келсе, пейіш бағына ұқсас өлкеге тап болу үшін әркім өз жүрегіңе үңілу керек. Таңертең ерте дәрілік шөп жинаған сияқты бойындағы, жүрегіндегі ең ізгі қасиеттерін ғана сақтап, жаман мінездерден арылуы қажет. Сонда адамдардың арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Бір-бірінің бақыты үшін бірге күресетін болады. Қарап отырсаңыз, жабыла көтерген жүк жеңіл дейді. Бір адамның қолынан келмейтін нәрсені бірігіп істесе, міндетті түрде мақсаттарына жетеді. Мен осыны елге түсіндіргім келеді, анашым.Бұл жолда ешкім адаспайды. Анасы:

— Балам, сен әлі жассың. Соңына қарамай, мына өмірде талайды көріп-білген данышпандармен ой таластырып, күш сынасқын келеді. Кім шындықты түсінсе, сол данышпан! Көзі тірісінде Ақ Бабаның маған берген өсиеті, өнегесі ғұламалардың жазған кітаптарынан алған білімім – соның бәрі менің дұрыс жол табуыма көмектесті. Осы жол бақыт еліне, Ергенекон жазығына тура апаратын құпия жолдың дәл өзі.

Анасы Әбудің қап-қара шаштарын мейірлене алақандарымен сипап:

— Гүлге үйленген соң бақытты боласың, құдай алдындағы адамгершілік парызың өмірге ұрпақ әкелу, оны өсіріп, тәрбиелеу, бәле-жаладан қорғау. Сен балам, осыны біл.

Әбу Мұхаммед құрметпен басын иді. Әңгіме осымен аяқталды. Әкесінің науқасының айығатынына көзі жетті. Анасының да жүрегі орнына түсіп, жадыраңқы жүр. Енді Әбудің көңілін алаңдатар ештеңе жоқ. Ол тезірек Фарабқа, онда қалған кітаптарына, математика, физика, тіл сабақтарына жеткісі келді. Әбудің досы Жамал да кезекті саяхатынан оралуы тиіс болатын. Оған қоса, Жамал сапардан құр қол келмеуі керек. Қайткенде де жаңа кітаптар, қолжазбалар ала келетіні сөзсіз. Алғашқы қадамы Әбудің осылай басталды. Фарабқа тезірек жетуі тиіс. Фараби оған ғылым мен білімнің қара шаңырағындай болып кетті. Фарабта ол ғылыми еңбегін жалғастырды. Весижден атанбас бұрын ол баяғыдағы ақсақал қартты кездестірген жеріне, Арыс өзенінің жағасына тағы келді. Балалық шағында жағалаудағы көк шалғынға жатып алып, аспанға қарап әр нәрсені қиялдайтын. Қазір де сол кездегідей шөп үстіне құлай кетті. Аспанда қазбауыр бұлттар шығысқа қарай жылжып барады. Әбу Мұхаммед қиялына ерік берді. Әне ақ түйелердің тізбегі соқпақпен жоғары өрлеп тауға көтерілді. Олар Ергенкон жазығына кетіп бара жатыр деп күбірледі. Ол атып тұрып бар даусымен: «Бұл менің керуенім, мен үлкен ғылымға жолды таба аламын», – деп айқайлады. Алдында қандай тағдыр күтіп тұрғанын ойланбастан, аяғын сенімді, нық басып келеді. Иә, талай жылдар жылжып өткен соң, еңбегі жоғары бағаланып, Фарабтан шыққан ол әл-Фараби атанып, бүкіл әлемге танылғаны біздерге, тарихқа мәлім.

Басқа елдерде де біздегідей алуан мінезді адамдар тұрады. Олардың кейбіреуі бақытты болса, кейбіреуі бақытсыз, біреулері ақ жүрек, біреулері қара ниетті, енді біреулері бейбіт өмірді қаласа, келесі біреулер соғыс құмар. Адамдардың барлығы бірдей бақытты бола бермейді. Алайда өмірдің өзі оларды бір-біріне төзімділікпен, түсінушілікпен қарауға, бір-бірімен санасуға, дұрыс қарым-қатынас жасауға мәжбүр етеді. «Барлығы бірдей неге бақытты бола алмайды?» – деді Әбу Мұхаммед ойлана. Мені Весиждегі замандастарым, туыстарым неге түсінбейді? Адамдарды сендіретіндей шындықты қайдан іздеуге болады? Әбу Мұхаммед қалаларды аралап жүріп, көптеген адамдармен пікір алысып өзіне көп жаңалықтар ашты.

Әбу Мұхаммедтің ғылыми майданы

Білім іздеген Әбу Мұхаммед ғасырлар бойы өсіп-өркендеген, мәдениеті жоғары дамыған қалаларды көрді. Хорасан, Бағдат, Дамаск, Бұхара, Каир, Алеппо. Афина қаласы – ежелгі өркениет орталығының бірі, Грекияның астанасы, Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Афина – Жерорта теңізінің жағалауындағы ең ірі қалалардың бірі. Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала, мемлекет. Қала әйел құдайы Афина Палладаның (Зевстің қызы) елімен аталған. Сол кезде ғылым өте қатты дамыған Греция еді. Сосын Грецияның ежелгі Македония қаласы – Стагира. Осы Стагира қаласында Әбудің ғылыми майданы өтеді. Осы Стагира қаласында Әбу Фараби үлкен ғылыми жетістікке жетеді. Әлем бойынша ғылыми жетістікке жетіп, жеңіп шығады. Әбу Фараби осы Стагира қаласында, Қайыр және басқа да көптеген шаһарларда тұрды. Аристотель әл-Фарабидің өмірінде үлкен рөл атқарды, үнемі дұрыс жол сілтейтін темірқазықтай болды. Бұл тегін емес еді. Аристотельдің асқан білімдарлығы оның замандастарын тәнті еткен. Тіптен мыңдаған жылдар кейінде ғалымдар мен философтарды таңдандыруын қоймаған. Атақты Александр Македонскийдің өзі (Ескендір Зұлқарнайын) Аристотельдің шәкірті екенін білген.

Шығыста бұл ғұламаны «Бірінші ұстаз» атап кеткен. Тек Аристотельден кейін мың жыл және екі ғасырдай уақыт өткен соң ғана әлемде бір ойшыл ғалым ғылым шыңына көтерілді. Оны замандастары «Екінші ұстаз» атандырды. Бұл ұстаздың шын аты-жөні Әбу Мұхаммед әл-Фараби. Оның басты ұстанымы, өмірінің мәні әлемді танып-біліп, оның заңдылықтарын адамдарға көрсетіп беру еді. Әл-Фарабидің ғалиялары көптеген адамдарға рухани азық берді. Олардың басқа тілдерге де аудара бастады. Оның даңқы шартарапқа тарап, әлемге «Екінші ұстаз» деген атпен танымал болды. Ол үшін ең бастысы, көкірегінде оянған жаңа ойларын қағазға түсіріп үлгеру болды.

Замандастары құрметпен әлемнің «Екінші ұстазы» атаған Әбу Мұхаммедтің өмірі Дамаскіде үзілді. Өзінің қарапайым үйінде 77 жасында дүние салған. Мүрдесі Сириядағы Баб әс Сағир зиратында жерленген.

Әбу Фараби бүкіл әлем баласының жүрегінде қалып қойды.

Ұзақбай Қожантов,

Қазақстан журналистер одағының мүшесі,

Абай атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты            

 

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз