ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРІЛЕДІ

0
254
Түркістан облысы бүгінде телесериал мен анимациялық фильмдердің орталығына айналып отыр. Бұған дейін аңыз әрі тарихи кейіпкерлерді паш ететін бірнеше туындыны көрерменге тарту етті. Биыл да Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Түркістан құпиялары» деректі фильмін және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында анимациялық фильмдерді түсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Қойлыбаев мәлімдеді.

Айта кетерлігі, облыста түсірілген «Күш атасы − Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» телесериалы облыстың барлық аудандары мен қалаларында және жергілікті телеарналар мен «Хабар», «Асыл арна» телеарналарынан көрсетілген болатын.
Бүгінгі таңда облыста 679 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Оның iшiнде: 389 кiтапхана, 251 клуб, 24 музей,3 кәсіби театр, 6 саябақ, 2 орталық, 1 облыстық филармония, 1 көркемсурет галереясы,1 «Оңтүстікфильм» мекемесі бар.
«Өткен жылы облыстық кәсіби 3 театрда 10 жаңа қойылым сахналанды. Ағымдағы жылы аталған театрларда 702 қойылым халыққа ұсынылып, 22 гастрольдік іссапар ұйымдастырылды. Театрларда Әл-Фарабидің 1150, А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына орай жаңа спектакльдерінің премьерасы халық назарына ұсынылмақ. Аталған мерейтойларға байланысты сәуір айында «Театр көктемі-2020» кәсіби театрлардың фестивалі мен «Халықтық» атағы бар театрлардың байқауы өтеді. Сонымен қатар, Отырар ауданында «Open air» ашық аспан астындағы театры іске қосылып, тарихи көркем, анимациялық фильмдер көрсетіліп, қараша айына дейін халыққа қызмет көрсететін болады», – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, облыстағы 389 кітапханада 17125 көпшілік іс-шара ұйымдастырылған. Кітапханалар 110 641 дана жаңа кітаптармен толықтырылып, жАлпы кітап қоры 5 млн. 768 мың данадан асып отыр. «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Алтын қорға үлес қос», «Кітапханаға сый» акциялары ұйымдастырылып 13043 дана кітап кітапханалардың қорына сыйға берілген.
Бұдан өзге, биыл аталып өткелі отырған композитор Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай «Бақыт құшағында» атты ретро-фестивалі, «Ән еркесі» мерекелік концерті, «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы және барлық аудан, қалаларда 80-ге жуық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

В ТУРКЕСТАНЕ К 175-ЛЕТИЮ АБАЯ СНИМАЮТСЯ АНИМАЦИОННЫЕ ФИЛЬМЫ

На сегодня Туркестанская область стала центром телесериалов и анимационных фильмов. До этого времени зрителям были представлены несколько произведений, которые демонстрируют легенду и исторические персонажи. В этом году планируется снять документальный фильм «Түркістан құпиялары» к 1150-летию Аль-Фараби и анимационные фильмы в рамках 175-летия Абая Кунанбаева. Об этом сегодня в ходе брифинга в региональной службе коммуникаций сообщил исполняющий обязанности руководителя областного управления культуры Азимхан Койлыбаев.
Стоит отметить, что анимационные фильмы «Күш атасы − Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» и телесериал «Көне жетігеннің сыры», снятые в регионе, представлены во всех районах и городах области, а также на телеканалах «Хабар» и «Асыл арна».
На сегодня в области 679 учреждений культуры и искусства оказывают услуги населению. Из них: 389 библиотек, 251 клуб, 24 музея,3 профессиональных театра, 6 парков, 2 центра, 1 областная филармония, 1 художественная галерея,1 учреждение «Оңтүстікфильм».
«В прошлом году в 3-х профессиональных театрах области было представлено 10 новых постановок. В текущем в данных театрах было представлено 702 спектакля, организовано 22 гастрольных командировки. Теперь в театрах, в скором времени, состоится премьера новых спектаклей, посвященных 175-летию Аль-Фараби, А.Кунанбаева. В связи с этим в апреле пройдет фестиваль профессиональных театров «Театральная весна-2020» и конкурс театров, имеющих звание «Халықтық – Народный». Кроме того, в Отырарском районе будет введен в эксплуатацию театр под открытым небом «Open air», показаны исторические художественные, анимационные фильмы и до ноября будут оказываться услуги населению», – сказал руководитель управления.
Также в 389 библиотеках области организовано 17125 массовых мероприятий. Библиотеки пополнились новыми книгами 110 641 экземпляров, общий книжный фонд составляет 5 млн. 768 тыс. экземпляров. Были организованы акции «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Алтын қорға үлес қос», «Кітапханаға сый» в дар книжному фонду библиотек вручены книги в количестве 13043 экземпляров.
Кроме того, планируется провести ретро-фестиваль «Бақыт құшағында», праздничный концерт «Ән еркесі», областной песенный конкурс «Менің Қазақстаным» и около 80 мероприятий во всех районах и городах.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.