«Біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті. Оны ешқашан естен шығармауымыз керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сөздерін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.  «Бүгінгі әлем тұрақты емес. Жаһандағы ахуал күн сайын өзгеріп жатыр. Өте құбылмалы жағдайда өмір сүріп келеміз. Кезінде қырғи-қабақ соғыс заманы өткен кезде барлық саясаткерлер енді әлемнің келешегі жарқын болады, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келеді, қақтығыстар болмайды деп айтқан болатын. Дегенмен, мұндай болжамдар бұрыс болып шықты. Қазір адамзаттың болашағы бұлыңғыр. Біздің еліміз де дүние жүзінің бір бөлігі» деп бағамдады Президент.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, жазбада «Қазақстан өз халқынан басқа ешкімге керегі жоғын, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті» екенін атап өткен. «Бұл ғаламда Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ. Әрине, достарымыз аз емес. Бірақ біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті. Оны ешқашан естен шығармауымыз керек. Біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда» деп жазды Қазақстан Президенті.

Ақорда баспасөзі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.