Қазақстан астанасы мен Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылды.

Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуына жол бермес үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Осыған сәйкес, 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап екі мегаполисте карантин жарияланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз