Үміт–баған құласа тірек қылған,
Кетер еді тіршілік жүдеп мұңнан.
Шаңырағы өмірдің шайқалар ед,
Жақсы адамдар болмаса тіреп тұрған.

Тауқыметпен сұрапыл алысқанда,
Көмек әсте келмейді ғарыштан да.
Кіріптар боп ақ жүрек, жақсы адамдар,
Жүреді ылғи біреудің қол астында.

Сенеді ғой бәріне балаша аңғал,
Көрінуді қаламай топта заңғар.
Қызықтан да кеш қалып, атақ–бидің,
Сарқытын жеп жүреді, жақсы адамдар.

Адал жандар сүрініп, құлай берген,
Бейнет жерде қалмайды құдай көрген.
Қиналғанға қарасқан жақсы адамдар,
Сендер мынау өмірге шырай берген.

Кедергілер, тұрса да қажап сындар,
Мүжілмеген тұлғалар–ғажапсыңдар!
Неге екенін, кім білсін, ей, жақсылар,
Ат төбелі секілді аз-ақсыңдар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз