Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы Covid-19 коронавирус індетін жұқтыру және таралуының алдын алу шаралары бойынша мәлімдеме жасады. Әкімнің айтуынша, коронавирус жұқтырған баласы мен анасы отбасымен және науқасты қараған 2 медициналық қызметкер отбасымен, науқаспен қарым-қатынаста болған тағы 5 адам оқшауланып, жұқпалы аурулар ауруханасына карантинге жатқызылған.

Өкінішке орай, қаламызда короновирус індетін жұқтырған 2 азамат тіркелді. Қазіргі уақытта олар Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланып, ем қабылдауда. Жағдайлары тұрақты. Бірінші науқас 18 наурыз күні сағат 17.30-да Нұр-Сұлтан қаласынан «Нұр-Сұлтан-Жетісай» бағытымен жүретін 51 адам мінген автобуспен келген. 20 наурыз сағат 23:30-да 4 азамат Шымкент қаласы Бекжан автовокзалынан түсіп, үшеуі Түркістан қаласы бағытына жолға шыққан. Ал, біреуін әкесі өз көлігімен үйіне жеткізген. Қалған 47 азамат Жетісай бағытына сол автобуспен сапарын жалғастырған. Ал, жаман індетті жұқтырған азамат 23 наурызға дейін үйінде өз бетінше ем қабылдаған. Ауруы асқынғаннан кейін жергілікті амбулаторияға жоғары дене қызуымен, бас ауруымен, жөтелмен шағымданған. Нәтижесенде осы азамат отбасымен стационарлық бақылауға алынды. Бүгін аталған азаматтың анасынан тест анализі алынып, оң нәтиже көрсетілді. Шұғыл түрде, науқастармен қарым-қатынаста болған 2 медицина қызметкері отбасыларымен және 5 потенциалды қатынастағы азаматтар оқшауланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бүгінгі таңда, Нұр-Сұлтан-Шымкент қалалары мен Түркістан облысындағы аталған азаматпен байланыста болған барлық азаматтар оқшауландырылып, бірлескен шаралар ұйымдастырылып жатыр,-деді Мұрат Әйтенов.

https://baq.kz/news/othernews/aytenov/?fbclid=IwAR1fc4YiP1ke126Y2CQNwuVRx6ic_9vIT0pxn6m0Ly0d06NwAZLxbp0nnjU

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз