Ғарыштық зерттеулер озон қабатының жыртығы жамала бастаған жайлы хабар таратауда. Халықаралық ғылыми журнал «Nature» басылымының жазуына қарағанда, бұл жағдайға коронавирустың таралуы әскер еткен.

Өйткені, әлем экологиясының бұзылуына әсер етуші Индия, АҚШ, Қытай және Еупопа елдерінде оқшаулану басталып, ауыр өндірістер жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты ауаның ластануы 60-65 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, аспанды ақ түтінге толтырып, ластап ұшатын үлкен ұшақтардың да әуе жолдарын ластауы біршама азайды.

Колорадо штаты университетінің ғалымдары, сондай-ақ аспан қабатын қабатын зерттеуші Антара  Банержий: «Бұған дейін Антарктиданың ауа қабатында пайда болған озон үңгірі адамзат үшін ең үлкен қатер саналатын. Осы қауіп дәл қазір өзінен өзі сейіле бастады. Тіпті озон үңгірі екі есеге жуық кішірейді. Бұл – өндірістегі экологиялық әсердің азаюынан» депті.

https://egemen.kz/article/226156-koronavirustynh-aserinen-ozon-qabatyndaghy-dgyrtyq-dgamaluda?fbclid=IwAR1r7tfg3aEccZJ3mcehXgi-jItD3nNtA3ADQvsX1ksj6C1M_Cip3CWK43s

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз