«Құрмет» орденінің иегері, ақын, сыншы, әдебиетші, публицист Аманхан Әлімнің қайтыс болуына байланысты Халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы ақынның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында туған. 1969 жылы сол ауылдағы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген. 1975 жылы КазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1981 жылы бітіреді. Оқуды бітірген соң, 1981-1989 жылдар аралығында республикалық БАҚ «Қазақстан пионері» («Ұлан»), «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» және «Қазақ радиосында» қызмет етті. 1991-1993 жылдар аралығында Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы жоғарғы курсының күндізгі бөлімінде оқыды.

1994-2012 жылдар аралығында «Заң газетінде» жауапты хатшы және шолушы болып қызмет етті. Өмірінің соңғы жылдары Қазақ газеттері бірлестігіне қарасты «Ақиқат» журналының бас редакторы болып қазмет атқарды. Аманхан Әлімұлы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты (Алаш» сыйлығының), «Жандос» атындағы сыйлықтың иегері болған. Оңтүстік Қазақстанға Еңбегі сіңген медалімен, «Ұлт патриоты» грамотасымен марапатталған. «Өткірдің жүзі», «Айнұры алақанымда», «Жанымның жапырағы», «Бес қоңырау», «Кездесу» секілді бірнеше публицистикалық және өлеңдер жинағы шыққан. «Атақоныс» атты жыр-жинағы жарыққа шыққан.

Qazaqstan da’y’iri газеті 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз