Бүгінгі таңда короновирус Қазақстанды ғана емес, әлемді дүрліктірген індет екендігі бәрімізге мәлім. Ауруға шалдыққандардың саны күннен күнге артуда. Ауру орталығының ошақтары бір ғана қала емес, бірнешеу болғандықтан мемлекет тарапынан алдын алу шаралары қолданылуда. Бірнеше қаланы жауып тастады. Бірқатарына шектеулер қойылды. Күнде көшелерде, дүкендердің, үлкен сауда орталықтарының іші мен оларға қарасты территорияны дизинфекциялау жүргізіліп тұрады. Осы індеттің ары қарай таралмауы әрбір азаматқа да байланысты. Жеке бас гигиенасын сақтап, далада ұзақ жүрмей үйде отырған дұрыс болады. Себебі мемлекет тарапынан өте көп көмек көрсетілуде. Мысалға айтатын болсақ, төтенше жағдай салдарынан жұмыссыз қалған азаматтарға 42500 теңгеден төленеді, тұрғындар үшін жасалып жатқан несие каникулдары, қөпбалалы, зейнеткерлерге және мұқтаж адамдарға азық-түлікпен, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілетіні жайлы және т.б көрсетілетін көмек жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде айтып өткен болатын. Ол өте дұрыс шешім деп есептеймін. Мемлекет тарапынан халықтың жағдайын ойлап өте көп көмек пен жеңілдіктер жасауда. Біз де өзіміздің тарапымыздан мемлекетімізге қолдау көрсетіп, қойған талаптарын орындап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарайық.

Абраимов Жомартқан, Жамбыл ауылының тұрғыны, зейнеткер, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз