Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингте карантин кезінде көшеге спортпен шұғылдануға шығатындарға қатысты түсінік берген   ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев: «Осы тұрғыда біз денсаулық сақтау мамандарының пікіріне сүйенеміз. Мамандардың пайымынша, (инфекция қаупі кезінде) спортпен шұғылданатын адамға да, сондай-ақ оның жанындағы адамдарға да жоғары қатер туындайды. Сондықтан спортпен айналысуды көшеге шығу үшін негіз ретінде санамау шешімі қабылданды. Ғимараттың ішінде спортпен шұғылдану үшін түрлі әдістер бар. Осы орайда бұл тәсілдерді уақытша пайдаланып, енгізілген шектеулерге түсінікпен қараған жөн болмақ. Азық-түлікті үйдің жанындағы дүкендерден алуға кеңес береміз. Егер де қажеттілік болса, азық-түлік базарына баруға болады. Алайда сақтық шараларын ұстану керек, яғни арнайы маска (бетперде) мен қолғап міндетті түрде болуы қажет», – деп қадап айтты.

Дайындаған Е.Сахариев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз