«Қалаулымды» жабуға ел президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың өзі кіріскенге ұқсайды. Демек ‘Қалаулым» күш алып кетті деген сөз. Оны жабу керектігі жайлы өзекті сыни мақалалар шыққанын білем. Біреуі өзім. Тіпті министр Абаев та құлағдар болған. Қаржы игеріліп қойды дегенді де естіп қалғам. Одан бері өзгерген түк жоқ.
Әйтседе, бізге ұнамаған «Қалаулымды» халықтың көп бөлігі сүйіп көреді. Бұл шындық! Неге?
Деңгейіміз осыншалықты неге түсіп кетті? дейін десең, қабаған иттей талағалы тұрған, үй артында кісі көп…
Ұлттық дәстүрге берік болсақ, салт – дәстүрге жетік болсақ бұған неге жол беріп қойдық?


Демек бұл жерде халық қалауы тұр.
Талғамға талас жоқ деген осы ма дейсің амалсыздан…
«Қалаулым» мен «Қалаулым сен» бағдарламаларын сағаттап отырып көретін адамдарды білем керек десеңіз. Мөлиіп, тесіліп отырғандары…
Айтқым келгені, Президент Қасым – Жомарт Тоқаевты «Қалаулым» бағдарламасын жабуға «көмекке» шақыру қаншалықты дұрыс? Сол арқылы Президент беделін көтеру мақсат па?
Бұл дегеніңіз көшеде өзінен үлкен баладан таяқ жеп, ағасын көмекке алып келгенмен бірдей қылық емес пе.
Ол кісінің (Президенттің) жұмысы шаш етектен. Мойын бұруға шамасы жоқ қазір. Қаншама қиындықтармен бетпе – бет келіп отыр.
Ағайындар- ау, ҮЛКЕН кісіні аяу керек қой. Аясаңыздаршы оны!
Үкіметтің өзі – ақ шешетін проблемаға үлкен кісіні араластыра берсек, Президентте не құн, не қасиет қалады?
Министрлік, департаменттер не үшін керек онда, сөзі өтпесе, күші жетпесе?
Тағы айтамын, ауылдағы жұрттың бәрі демей- ақ қояиын көбісі «Қалаулымды» «Қалаулым сен» бағдарламасын көреді. Әңгіме өзегі де сол төңіректен өрбиді. Бағдарламадағы төбелес, шаш жұлысу, боқтық сөздерге де көрермен арасында қызу пікір- талас жүріп жатады…
Енді сұрақ туады: «Қалаулымда» не қасиет бар, ә? Елдің бәрін өзіне ынтықтырып қойған?» деген.
Жауап: халық бәлкім «жабық» тақырыпқа құштар шығар. Шөліркеп отырған шығар. «Біреудің қаңсығы, біреуге таңсық» дегенді қайда қоямыз?
Ашықтықты, ғашықтықты бүркемелемей, ашық көрсеткенді қалайтын шығар ! Өйткені заман бөлек, заң басқа ғой қазір… Осы тұрғыдан да бір қарап көрсек қалай болар еді деймін дағы…
Иә, «Қалаулымды » тамашалайтын халықтың бәрін ақылсыз, сауатсыз деуге ауыз бармайды.
Онда күн ертең «Қалаулымды » неге жаптыңдар деп, ауылдағы ағайын «көтеріліп» жатса не дейміз?
Мыңдаған көрермендер «Біздің қалауымызбен санаспай жатыр » деп шуылдаса кім жауап береді?
Медалдың екі жағы болатыны секілді, бұл мәселенің де екі қыры бар секілді.
«Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей » алып шыққан ғана бұл жерде ұтады меніңше
. Көптің көңілінен шығу деген оңай шаруа емес тегінде…

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз