Қырғызстанның вице-премьер-министрі Алтынай Өмүрбекова мен денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев қызметінен босатылды. Тиісті жарлықты ел президенті Сооронбай Жээнбеков шығарды.

31 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Жээнбеков коронавирус індетіне қарсы күресу үшін құрылған республикалық штабтың қызметі мен денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алды. Ол жұмысына салғырт қараған шенеуніктерге шара қолдануға тапсырма берді.

Қырғыз премьер министрі босаған қызметтерге жаңа үміткерлерді Жоғарғы Кеңестің отырысында таныстыратынын жеткізді.

Соңғы мәлімет бойынша, Қырғызстанда жалпы 111 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз