Қазіргі таңда Қазақстанды дәрі-дәрмекпен қай елдер қамтамасыз етіп отыр?  LS сайты аталған тақырыпта зерттеу жариялапты. 

Сайт мәліметінше, өткен жылы Қазақстандағы дәрі-дәрмек импортының жалпы көлемі 884,5 миллион долларды құраған екен. Ал, импорттаушы елдердің көш басында Германия мен Ресей тұр. Сондай-ақ, елімізге Франциядан, Италиядан, Испаниядан және Польшадан да дәрілік өнімдер жеткізілген.

Сонымен Қазақстан қазір қай мемлекеттерден дәрі-дәрмек сатып алып отыр? Олардың жалпы құны қанша? Біле жүріңіз:

Германия – 163,9 миллион доллар,

Ресей – 84 миллион доллар,

Франция – 60,3 миллион доллар,

Италия – 48,2 миллион доллар,

Испания – 36,2 миллион доллар,

Польша – 33,3 миллион доллар,

Словения – 28,7 миллион доллар,

Түркия – 28,2 миллион доллар,

АҚШ – 25,2 миллион доллар,

Швейцария – 22,3 миллион доллар,

Венгрия – 20,7 миллион доллар,

Нидерланды – 18,6 миллион доллар,

Украина – 18,1 миллион доллар,

БАӘ – 18,1 миллион доллар,

Ирландия – 16,6 миллион доллар,

Бельгия – 15,7 миллион доллар.

Айта кетейік, елімізде дәрі-дәрмек өндірісі негізінен үш өңірде орналасқан. Олар Шымкентте (АО «ХимФарм» (Santo), Алматыда  (АО «Нобел АФФ» (Nobel) және Алматыда облысында.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз