Ескі үйлер мәселесін шешу, апатты үйлерде тұратын азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Елордада апатты үйлерді бұзу бойынша жоба іске асырылуда. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Жоба шарттарына сәйкес, қала әкімдігі апатты үйлердің тұрғындарын аудандары бойынша бірдей жаңа пәтерлерге көшіруді жүргізуде. Елордалық Тұрғын үй басқармасының мәліметтеріне сәйкес, обасты құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелерінің тозу деңгейі жоғары, 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер бұзуға жатады. 2017 жылдың соңына дейін 228 апатты құрылысты бұзу жоспарланған, соның ішінде «Сарыарқа» ауданы бойынша — 129, «Алматы» ауданында — 78, «Есіл» ауданында — 21 үй. Көшірілетін азаматтардың жалпы саны 3500-ден аса отбасыны құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз