Хаджеттеп (Анкара) университеті медициналық факультетінің профессоры Атеш Қара Twitter әлеуметтік желісінде: «Жақсы жаңалық. Түркияда жануарларға жасалған коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан сәтті өтті. Жануарларға микроине арқылы жасалған коронавирусқа қарсы вакцина иммунды жауабын берді. Яғни қарсы денелер бөлінді. Қазір «бұл адамдарды қорғай ала ма?» деген жауапты білетін уақыт келді»,— деп жазды.  Айта кетсек, қазіргі таңда қауіпті індетті миллионнан аса адам жұқтырды, шамамен 57 мың адам аурудан көз жұмды. Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 584-ке жетті. 42 науқас аурудан жазылды, 6 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз