Отандастарына жасаған телеүндеуінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Елде  коронавирус инфекциясының таралуына қарсы алдын алу шаралары кезең-кезеңімен қабылдануда. Біз халыққа медициналық масканы тегін таратуға кірістік, ал олардың ақшаға сатылуына тыйым салдық. Түркияның денсаулық сақтау жүйесі күн сайын 20 мыңнан астам коронавирус инфекциясына тест жүргізе отырып, «маңызды кезеңнен» өткен. Бұдан бөлек, Ыстанбұл әуежайы ауданында инфекция таралмас үшін 1000 төсек-орындық тағы екі аурухана болады. Ел үкіметі COVID-19 пандемиясы аясында тағы 2,3 миллион отбасына көмек көрсету жоспарын дайындап жатыр. Өткен аптада басталған Ұлттық ынтымақтастық науқаны кезінде қайырымдылыққа 1,5 миллиард түрік лирасы жиналды»,— деген ақпараттарды келтірді.

Ермек Сахариев

                                                                                                    

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз