MINSK, BELARUS - NOVEMBER 27, 2018: Belarus' President Alexander Lukashenko speaks at a meeting ahead of the EEU (Eurasian Economic Union) Intergovernmental Council session in Minsk. Yekaterina Shtukina/Russian Government Press Office/TASS Áåëîðóññèÿ. Ìèíñê. Ïðåçèäåíò Áåëîðóññèè Àëåêñàíäð Ëóêàøåíêî âî âðåìÿ âñòðå÷è ñ ãëàâàìè äåëåãàöèé ïåðåä çàñåäàíèåì Åâðàçèéñêîãî ìåæïðàâèòåëüñòâåííîãî ñîâåòà. Åêàòåðèíà Øòóêèíà/ïðåññ-ñëóæáà ïðàâèòåëüñòâà ÐÔ/ÒÀÑÑ

«Белсат» телеарнасы: «2 сәуір күні Белоруссиядағы ауруханалардың бірінде Витебск облысының тұрғыны, 66 жастағы әйел адам коронавирус індетінен көз жұмды. Осыдан кейін марқұмның баласы құқық қорғау органдарына жүгініп, ел президентінің үстінен соьқа арыз жазды»,—  деп хабарлайды. Ер адамның айтуынша, мемлекет басшысы Александр Лукашенко халықты қауіпті инфекциядан қорғау үшін ешқандай шара қолданбаған. Осыған байланысты марқұмның ұлы президентке қарсы қылмыстық іс қозғауды талап етті. Ер адам есімінің Александр екенін, Францияда тұратынын, анасы ауырғанда бірден келе алмағанын жеткізді. Телеарнаның мәліметінше, әйел адам бірнеше апта ауруханада жатқан. Осы уақыт ішінде оған бірнеше диагноз қойыпты. Марқұмның коронавирус инфекциясымен ауырғанын туыстары қайтыс болғаннан кейін ғана білген. Әйел адамның қайтыс болғаны туралы куәлігінде осындай диагноз қойылды. Сондай-ақ, Александр телеарнаға ел билігі қазіргі жағдайды жасыратынын мәлімдеді. Оның сөзінше, Белоруссияда карантин енгізіліп, медицина персоналдарымен қамтамассыз ету керек. Cоңғы деректерге сүйенсек, әлемде 1 миллион 430 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелген. Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал жұқтырғандардың 302 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты.

 Дайындаған — Ермек Сахариев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз