Бұл туралы бүгін жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметіалаңында өткен баспасөз мәжілісінде мәлім болды. Күні бүгін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында аталған дертке шалдыққан төрт адам ем алуда. Дегенмен, біреуі жақын күндері емдеу мекемесінен шығарылатын болады.

Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, кезекті коронавирус жұқпасы жүк тасымалымен айналысатын өзбекстандық азаматтардан анықталған.

– Облысымызға Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан бағыт алған аталған 34 және 37 жастағы азаматтар 8 сәуір күні «Сырым» автобақылау бекетіненөткен. Сол жерде эпидемиолог мамандароларға сауалнама жүргізеді. Оның үстіне екі азаматтың біреуінде дене қызуы болған. Сосын изоляторға жатқызылып, одан әрі жедел медициналық қызметтің көмегімен «Кумыска» елді мекеніндегі провизорлық стационарға жеткізілді.Сол күні түстен кейін олардан медициналық сынама алынып, лабораториялық зерттеу нәтижесінде коронавирус дерті анықталды, – деді Мұхамғали Қайыржанұлы.  Облыстың бас санитариялық дәрігері науқастар Орал қаласына жетпей, «Сырым» бекетіндегі санитарлық-карантиндік посттағы эпидемиолог дәрігерлердің жедел қызметінің арқасында дер кезінде оқшауланғанын атап өтті.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов жалпы облыс бойынша жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус ауруын жұқтырған төрт адам ем алып жатқанын жеткізді.

– Науқастардың жағдайы бір қалыпты. Біреуінің жағдайы жақсарып келе жатқанын атап өткім келеді. Одан коронавирус бойынша алынған екі бақылау сынамасының нәтижесі теріс болды. Жақын арада ауруханадан шығарылып, одан әрі үйден оқшауланып, емін жалғастырады, – деді Болатбек Амангелдіұлы. Сонымен қатар облыс бойынша 97 адам карантиндік және провизорлық стационарларда дәрігерлердің бақылауында екенін мәлімдеді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

«Qazaqstan dáýiri» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз