Ақтөбе, Ырғыз жақта құмалақшы апай бар дейді, соның айтқаны
бүгін таңғы бесте тұрып онлайн сабақтың жоспарын жасадым. Сағат тоғызда сабақ сәтті өтті. Содан түскі асқа дайындық.өйтіп шаршап ұйықтап кетіппін. Түсімде ен далада жалғыз жаяу келе жатырмын. Алдыма бір қызыл сиыр тоқтай қалды. Әлгі сиырдың желііні сыздап ,маған сауып алуымды ишара етті. Шелек қайдан пайда болғанын да ұқпадым. Сиырды сауып жатырмын. Үш емшегін саудым. Төртінші емшегінен ештеме тамбады. Алдынғы үшеуін сауып төртіншісін тартсам түк тамбай қойды. Сиыр артына қарамай жүріп кетті. Әлгі сүтті ауылдағы үйдің кіре берісіндегі ұйып тұрған бір кастрюль сүттің үстіне құйып жіберіп, артынан өкініп, ол өкінішімді «жарайды майлы құрт болады» деп өзімді жұбатып жатып ояндым. Сол түсім маза бермей ойыма орала берді.
сиырдың өзі ауыртпалық қой… Оның артына қарамай кетіп қалғанына қуандым. Ал сүт ол үлкен жауын жауады. Сәуірдің жауынымен ауадағы барлық кесел жойылады. Үш емшегі_ үш ай күресеміз, үш ай сақ болуымыз керек.! Соңғы тартылып қалған емшегі _кесел жойылады!.Бір айы өтті! Алла бұйыртса майлы да жайлы өмір сүреді екенбіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз