Баяғыда 90 келген қарияға немересі жүгіріп келіп, ата-ата есіктің алдына Бақ келіп тұр депті. Осы уақытқа дейін қонбаған бақтың енді маған керегі жоқ деп, қария орнынан қозғалмай отыра беріпті. Немересі екінші рет жүгіріп келіп ата-ата есіктің алдына Даулет келіп тұр депті. Осы уақытқа дейін қонбаған Дәулеттің енді маған керегі жоқ деп, орнынан қозғалмай отыра беріпті қария Сонда немересі үшінші рет жүгіріп келіп ата-ата есіктің алдына Аман келіп тұр деген екен. Сонда әлгі қария таяғына сүйене жығылып сүрініп есігінің алдына шығып мені, менің ұрпақтарымды осы уақытқа дейін аман сақтап жүрген Амандығым төрге шық деп төрінен орын беріпті. Сонда Бақ пен Даулет босағасына келіп жайғасыпты. Қасиетті Рамазан айында барлықтарыңызға тілерім қашанда Амандық төрлеріңізден орын алып Бақ пен Даулет босағаларыңызға жайғассын ???
АУМИН!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз