Атырау өңірі бұрын балық шаруашылығы мықты дамыған өңір болатын. Бал татыған бекіре, суда тулаған шортаны мен сазаны, көксерке мен шабағы қандай еді! Бүгінде оның бәрі ертегідей боп қалды. Балық қоры азайды, өзен суы тартылды, балық аулау көлемі төмендеп кетті. Осы мәселені қайта қолға алмаса, балық шаруашылығы дамымай қалуы мүмкін.

– Біздің еліміз су қорына бай. Каспий теңізін қоспағанның өзінде су тоғандарының жалпы ауданы 5 миллион гектарды құрайды. Бұл жерлерде балық өсіру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар. Кеңес Одағы тұсында республикада арнайы балық шаруашылығы министрлігі құрылып, жүйелі мемлекеттік саясат қалыптасқан болатын. Соның нәтижесінде, барлық аймақта балық зауыттары мен комбинаттары, өндірістік бірлестіктер жұмыс істеді. Балық аулау мен балық өнімдері өндірісінің жалпы көлемі кей жылдары 111 мың тоннадан асты. Мыңдаған адамдар осы салада тұрақты жұмыспен қамтылып, табысты еңбек етті. Бірақ, қазіргі уақытта барлық шаруашылығының мүмкіндігі толық пайдаланылмай қалды, – дейді балық шаруашылығының проблемалары кеңінен қозғап жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов. – Өткен ғасырдың тоқсаныншы ж ы л д а р ы н а н б а с т а п экономиканың жетекші саласы – балық шаруашылығына жете көңіл бөлінбеуінен құлдырауға ұшырады. Әлі де осы жағдайдан шыға алмай отыр. Балық аулау көлемі де күрт төмендеді. Оған балық дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты белгілейтін бағдарламаның жоқтығы да кері әсерін тигізіп отырған жайы бар. Осы саланы дамытуға арналған 2004-2006 жылдардағы бағдарлама шаруашылықтың қалыптасуына белгілі бір деңгейде қозғау салғанымен, бұл жалғасын таппады. 2007-2015 жылдарға жоспарланған тұжырымдама да толық іске аспай, Үкімет қаулысымен мерзімінен бұрын күші жойылды. Яғни, балық шаруашылығын мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруда тұрақтылық жоқ. Осы салаға жауапты мемлекеттік орган ретінде 2003 жылы құрылған Балық шаруашылығы комитеті бірнеше рет бір министрліктен екінші министрлікке ауыстырылды. Қайта-қайта құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Кейін мүлдем таратылып жіберді.Бүгінде бұл сала ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құрамына енді. Осы салаға қажетті мамандарды даярлайтын мамандандырылған арнаулы оқу орындары жабылып қалды. Соның салдарынан өзіндік ерекшелігі көп салаға керекті кадрлар да жетіспейтіні белгілі.

Сенатордың пікірінше, балықтарды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу кезінде су айдындарының және олар орналасқан жерлердің табиғи ерекшеліктері ескерілмейді. Бұл балық шаруашылығы су айдындарын бассейндік принциппен топтастыру кезінде су бөліністері бөлек өзендерді бірге қосуға себеп болуда. Ресей Федерациясымен шекаралас Қиғаш өзені – Еділ өзенінің сағасы. Бірақ, оны Жайық-Каспий бассейніне қосқан. Көрші мемлекетте Қиғаш өзені Каспий-Еділ бассейнінің құрамында. Екі өзеннің ерекшеліктерін есепке алмау негізсіз шектеулер мен балық аулаушылар үшін қолайсыз жағдай туғызып отыр. Х а л ы қ а р а л ы қ трансшекаралық су айдындарында балық аулауға байланысты нормативтік құқықтық актілер отандық кәсіпкерлер үшін тиімсіз болып отыр. Елімізде 15 халықаралық маңызға ие су айдындары бекітілген. Олардың ішіндегі өндірістік балық аулауда Ресеймен екі арадағы Қиғаш өзені маңызды.

«Балық шаруашылығын жан-жақты дамыту үшін ең алдымен, балық қорын ұтымды пайдалануды тиімді іске асыру үшін арнайы салалық бағдарлама қабылдау керек. Осы салаға жауапты дербес мемлекеттік о р г а н қ ұ р у қ а ж е т . Нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудің де маңызы зор. Соның ішінде, табиғат пайдаланушыларға балық аулау лимитін 15 жылға дейін бекіту, балық ресурстарын пайдалануды шектеу мен тыйым салу, орындары мен мерзімдерін белгілеу жөніндегі құқықтық актіні шілде айынан келесі жылдың шілдесі аралығында есептеуді ұсындым. Шетел тәжірибесін ескере отырып, балық аулау уақытынан екі жыл бұрын белгілеген абзал. Сонымен қатар, трансшекаралық өзендердегі балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін ақы мөлшері мен төлеу тәртібін тең бәсекелестікті қалыптастыру тұрғысынан қарастыру керек. А л , ө ң д е у ш і кәсіпорындарға, балық өсірумен айналысатын шаруашылықтарға м е м л е к е т т і к қ о л д а у к ө р с е т у т е т і к т е р і н жетілдіруді ұмытпауымыз тиіс. Өңделмеген «су маржандарының» экспортқа шығарылуын қысқартуды алдыңғы кезекке қою қажет. Жайық-Каспий бассейнінен Қиғаш өзенін «ҚиғашКаспий» бассейні ретінде өз алдына бөлуді қарастырған жөн. Алайда, біздің елде балық аулау кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау жоқ. Ал, Ресейде бар. Соның салдарынан шаруашылықтың келешегіне кәсіп иелері сенімсіздікпен қарайды. Осынау проблемалар заңдылық аясында шешілсе, бұл саланы да өрге бастыратын күн алыс емес» дейді сенатор. 

Қосұйым Мұқашев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз