Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан
Әбілдаев брифинг барысында «500-ден астам дәрігер, 1 700 астам орта медицина
қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау
қызметкері төлемдерді алатындығын айтты.

Жалпы алғанда, 965 млн теңге көлеміндегі үстемақыны 3 557 медицина қызметкері алады», – деді Тілеухан Әбілдаев.
Сондай-ақ, ол есептеу 3 санат бойынша жүргізілетінін атап өтті. Балалар жұқпалы
аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері бірінші санат бойынша төлем
алатын болды. Бұған дейін, Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасының
қабылдау бөлімінің дәрігерлері үстемақыға қатысты шағымданған болатын. Көп
ұзамай олардың шағымына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап
берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз