Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың төрағалығымен аймақтық «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобалық кеңсенің кезекті отырысы өтті. Онлайн режимде өткен жиынға облыстық кәсіпкерлер және сауда басқармасының басшысы Н.Байғұт «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылық құрамы, екінші деңгейлі банк пен «Ауылшаруашылық несие корпорациясы» АҚ-ның өкілдері және «Қарапайым заттар экономикасы» жобасының аймақтық мобильді топ мүшелері қатысты.
Жиын барысында кәсіпкерлерге төтенше жағдай кезінде туындайтын қиындықтар жайы талқыланды. Атап айтқанда, бұрынырақ алынған несиелерді өтеуді кейінге шегеру, енгізілген төтенше жағдайға қарамастан «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында құжаттарды жинау және екінші деңгейлі банктерге өткізу, Жобалық кеңсе хатшылығының қорытындылары, 10 наурыз – 2 сәуір аралығындағы бизнес жобаларды қолдау жұмыстарының нәтижелері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақтандыру жайы және аудан қалалардағы мобильді топтардың кәсіпкерлерге онлайн режимде қолдау көрсету алгоритмдері кеңінен сөз болды.
Онлайн басқосуда екінші деңгейлі банктермен және «Ауылшаруашылық несие корпорациясы» АҚ-мен «Қарапайым заттар экономикасы» жобаларын қолдау үшін CALL-орталық құру туралы келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде электронды пошта арқылы дайын құжаттарды қабылдайтын және онлайн режимде жіберілген түсініктемелерді өңдейтін жауапты қызметкерлер бекітілетін болды. Мобильді топтарға кәсіпкерлердің құжаттарына қатысты туындаған мәселелерін тез арада шешу жұмыстары жүктеледі.
Айта кетейік, бүгінде республикада «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көшбастап тұр. Ал, қаражаттың игерілуі бойынша IV орында тұр. Жалпы Түркістан облысында «Халық банкіне» қарасты екінші деңгейлі банктің жалғыз филиалы бар. Сондай-ақ, аймақтың 5 ауданында ашылған «Ауылшаруашылық несие корпорациясы» АҚ-ның кеңсесі құжат қабылдауға дайын.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз