Қазіргі таңда біз коронавирустық инфекцияның белең алып кетпеуі үшін, қауіпті індет бойынша тексерілетін адамдардың контингентін кеңейттік. Соның нәтижесінде ауруды жұқтырған науқастарды уақыт оздырмай дер шағында анықтап, оқшаулауға мүмкіндік туып отыр. Қазір банк қызметкерлері, базарларда тұратын адамдар, құқық қорғау органдарының өкілдері де тексеруден өтеді.Бүгінгі таңда Құрлық әскерлері әскери институтының 383 қызметкері тексерілді. Сондай-ақ, “Жұлдыз», «Жасыл базар», «Магнум» сауда орындарының өкілдері арасында да медициналық тексеру жалғасуда. COVID-19-ды анықтау мақсатында жаппай тексерілу қаладағы коронавирустық инфекцияның жасырын ошақтарын анықтауға көмектеседі. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

Спикердің сөзіне сүйенсек, Алматыда бір күнде COVID-19 инфекциясына 1064 адам тексеруден өтті.

«ҚазАқпарат»

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз