Жол ережесін бұзғандарға жаза ретінде 2778-ден 55 560-қа дейін және одан жоғары айыппұлдар салынатын болды. Карантин аймағының шекарасын кесіп өтуге салынатын айыппұл 10 АЕК – 27 780 теңге. Көлік қозғалысы кезінде ұялы телефон иә смартфон пайдаланғандар 5 АЕК немесе 13 890 теңге төлейді. Жылдамдық 40 км / сағ асып кетсе, айыппұл — 20 АЕК немесе 55 560 теңге. Жүргізуші немесе жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпаса, олар 5 АЕК-13 890 теңге төлеуі тиіс. Бұл мотоциклшілерге де қатысты, тек олардың жағдайында белбеу емес, дулыға маңызды. Санкция мөлшері бірдей. Кептеліс кезінде жол қиылысына тұрған және екінші көше бойынша жолды бөгеген автокөлік иесіне 3 АЕК – 8 334 теңге айыппұл салынады. Жүргізуші ешқандай себепсіз жолдың ортасында тұрып, кептеліс туғызса, оған 10 АЕК – 27 780 теңге айыппұл салынуы мүмкін. Егер жүргізуші көлігімен үш учаскеде артымен жүрсе 10 АЕК – 27 780 теңге, жолда әр түрлі маневрлер кезінде бұрылысты немесе тоқтау сигналдарын пайдаланбаса 5 АЕК – 13 890 теңге айыппұл төлейді. Жаяу жүргіншілер жүретін жерлермен жүрген жүргізушіге 15 АЕК – 41 670 теңге айыппұл салынады. Көлік жаяу жүргіншілер өткелінде, гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңында тоқтаса немесе сол жерде қойылатын болса, 10 АЕК – 27 780 теңге айыппұл төленеді. Дәл осынша айыппұл көлікті мүгедектерге арналған тұраққа қойғанда салынады, егер  адамда тиісті сертификат болмаса. Ақылы тұраққа ақша төлемегендерге 3 АЕК – 8,334 теңге айыппұл салынады. Бұл еліміздің ірі қалаларындағы тұраққа қатысты. Егер көліктің фарлары күндізгі уақытта қосылмаса дәл осынша мөлшердегі айыппұл төленеді. Шамдар қараңғыда өшірілсе, көлік иесі 5 АЕК немесе 13 890 теңге төлейді.  Жолда апатты жағдай туғызған жүргізуші 10 АЕК-27 780 теңге төлеуі тиіс. Темір жол өткелдерінен өткен автокөлік иесіне де дәл осынша айыппұл салынады. Бұған белгіленбеген жерде жолдардың қиылысуы, шлагбаум жабық немесе қозғалыста болған кезде, сондай-ақ жүруге тыйым салатын бағдаршам сигналы кезінде жолға шығу жатады. Егер жаяу жүргінші жол жүру ережелерін бұзса, жолды белгіленбеген жерден өтіп, сол сияқты теріс қылықтар жасаса, оған 2 АЕК – 5 556 теңге айыппұл салу қаупі бар. Жаяу жүргіншіге басқа адамның денсаулығына материалдық зиян немесе зиян келтірген, бірақ қылмыстық сипаты болмаған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 10 АЕК немесе 27 780 теңге төлеуге тура келеді. Қоғамдық көлікте тазалық пен қауіпсіздік ережелерін бұзу 1 АЕК-2 778 теңге тұрады. Ал қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуден жалтарғандарға 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады, ол — 5 556 теңге. Егер жол қозғалысы ережелерін қайта бұзса, айыппұл екі есеге дейін артуы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз