Авторы: журналист Абдулла Рашид –
Абу-Дабидегі Gulf News кеңсесінің директоры:
Біз бір әлемде ұйықтадық та, мүлде басқа әлемде ояндық …
Кенеттен Диснейленд сиқыр әлемі болмай қалды;
Париж енді романтикалық жер емес.
Еуропа енді армандар елі емес ..
Америка енді иммигранттардың арманы емес..
Нью-Йорк бұдан былай қызықты емес ..
Тағы да…
Қытай қабырғасы енді қол жетпейтін бекініс емес.
Мекке қаңырап бос қалды.
Ұшақтар аспаннан ғайып болды…
Үлкен теңіздерден келетін кемелер мен керемет желкендер тоқтап қалды…
Карантин қамауына танымал саясаткерлер де, суретшілер де, ән, би және спорт жұлдыздары да кірді.
Кейбіреулері вирустан өлді.
Кенеттен құшақтасып, сүйісу де біз қорқатын қаруға айналды.
Амандасу мен қол соғу да, адам өміріне қауіп төндірді.
Ата-аналар мен достарды зиярат жасамау – махаббаттың белгісі болды !!
Кенеттен біз биліктің, ақшаның, беделдің, той тойлаудың, неке қиып, ажырасудың немесе саудада жетістікке жетудің нақты құндылығы жоқ екенін түсіндік.
Люкс көліктің мәні жоқ болды.
Үлкен жалақы алу мақтаныш емес.
Керемет телефонның да құны жоқ.
Саяхаттың да, туризмнің де …
Күшті болу да, қару-жарақтың та, ядролық қарудың да, шабуылдаушы ұшақтардың да, жолаушы тасымалдаушы ұшақтар мен кемелердің де біз үшін құндылығы жоқ болып қалды.
Бізге ең қажетті нәрсе – оттегі ғана болды!
Адамдардан басқа жердегі, құрлықтағы және теңіздегі,ормандағы, теңіз түбіндегі және мұхит түбіндегі барлық тіршілік иелері, барлық жануарлар қалыпты өмір сүруде …
Бізсіз, адамзатсыз әлем әдемі, таза, қауіпсіз, жайлы және тұрақты бола бастады … әлем бізден тыс тынышталып, тазаланып, сенімге, сүйіспеншілікке, махаббатқа, әдемілікке және қуанышқа тола бастады …
Адамзаттың көзіне көрінбейтін тіршілік заңы бізді торға қамап қойды !
Менің ойымша, бұл адамзатқа көктен келген хабар сияқты:
«Сіздерге енді қажет емес … Сіздердің әрекет ету мерзімдерің аяқталды ..»
Ұлы Жаратушының заңы бойынша Жер бетінде өмір сүруге – ең жақсылар ғана лайық дегендей…
Әй, Адам балалары, Жаратушы Иеміз Құран – Кәрімде:
«Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: “Жерге игі құлдарым мұрагер болады” деп жаздық » (Әнбия :105),- деп бұйырды емес пе?
Әй, Адам балалары, Алла Тағала тағы да :
«(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,- деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,- деді. (Алла, Адамды топырақтан жаратып оған жан салды», (Бақара :30) – деп бұйырғанын естідің емес пе?
Вирус бізді бетімізден шапалақпен ұрып, былай дейді :
Жер беті күштілер үшін емес, ізгілер үшін… Әй Адам баласы, ашу-ызаңды, менмендігіңді жой және біреуге жасаған жәбіріңді біржола таста және кісі өлтіру мен қан төгуді тоқтат..
Ұрлық, өтірік, алаяқтық пен жемқорлықты тоқтат …
Аспаннан келген дауыс бізге былай дейді:
Осылай тұра бер, өйткені сенсіз де ауа, жер, су және аспан бәрі жақсы.
Сенімен бірге болудан жақсы.
Тіпті ластану да сенің тоқтауыңмен жоғалды, сен әлсіз және нәзік жансың.
Әй, Адам баласы! Бұрынғы өміріңе қайтып оралатын болсаң, жақсылап есіңе сақтап ал, сен бұл өмірге ауыр қонақ екеніңді ұмытпа.
Әй адамдар, Жердің иесі Сендер емессіңдер, Сендер жай ғана қонақсыңдар! ..
Алладан Сіздің амандығыңызды тілеймін … ?
(Араб тілінен аударған Қ.Қабдолда)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз