????????????????????????????????????

«2017 жылдың 22-25 маусым аралығында Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді»,— деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев: «Құрылтай барысында шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, басқа да көмек көрсету, шетелдік жастарды Қазақстанға білім алуға шақыру сынды мәселелер талқыланатын болады. Құрылтайдың мақсаты — шетелдегі қазақтарды Қазақстанға көшуге ынталандыру, олардың қандай қажеттіліктері барын анықтау»,— дейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы құрылтайға шақырылғандардың басым көпшілігі — әртүрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген шетелдік қазақ жастары. Құрылтайға 40-тан астам мемлекеттен 350 адам және әртүрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде. Дүниежүзі қазақтарының I құрылтайы 1992 жылы Алматыда,  II құрылтайы 2002 жылы Түркістанда өткізілген болатын. Ал одан кейінгі құрылтайлар 2005 және 2011 жылдары елордамыз Астанада өткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.