Әлемде коронавирус пандемиясынан зардап шеккен әуе компанияларының шығыны 312 млрд долларға дейін артты. Бұл мамандар болжаған сомадан 25 пайызға артық. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) 2020 жылы жолаушылар тасымалынан келетін кіріс өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға дейін қысқарады деп отыр. Ал, жолаушылар тасымалына деген сұраныс 48 пайызға кеміген. Айта кетейік, COVID-19 індетінің таралуынан көптеген елдерде әуе қатынасы тоқтады. Оның қайта қашан жанданатыны белгісіз.

   Дайындаған —Ермек Сахариев 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз