Әбубәкір қары сол 1950 жылдың көктемінде мал қоздап жатқан мезгілінде Хантағы елді мекенінің Жұпарбай ауылынан Қосқорған ауылына  тұратын құрдасы, досы әрі замандасы Қалдыбай бақсының үйіне 5-6 адам болып есек, атқа мініп 20 шақырым жер жүріп түс қайта қоңаққа барады. Бұл кісілерді Қалдыбай бақсы өзі күтіп алып, көк шөптің үстіне алаша, киіз, көрпеше төсеп, қонақ қылады. Қонақтар жуынып-шайынып болғанша жас қозының қуырдағы дайын болып дастархан жайыла бастайды. Тамақ үстінде көптен бері көрмеген достар әртүрлі әңгімелерін айтып, шерулерін басты. Әбубакір қары Қалдыбай бақсыға қолқалап қобыз тартуды сүрайды. Қалдыбай бақсыға ем іздеп Кызылорда, Жамбыл облыстарынан Шымкент, Ташкент және Түркістан маңайынан келген науқастар да мұны қолдады. Осы ұсынысты Қалдыбай бақсы қабыл алып киіз үйдің төрінде ілініп тұрған қобызын алдырып, асықпай, сабырмен тарта бастады. Бұл жиында бар жоғы 20-дай адам болып барлығы бақсының Аллаға жалынып, Мұхамед пайғамбардың үмбеті екенімізді айтып, зікірін тыңдады. Келген науқастардын кейбірі  жылай бастайды, бірі бақсының айтқан сөздерін қайталап ауруларына ем-шипа қона бастады. Бірақ,  осылардың ішінде бақсыға сенімсізденіп отырған бір кісіні бақсы біліп кояды. Сеніміздік білдірген адам сол Әбубәкір қарымен бірге келген Хантағы поссоветінде қызмет істейтін Өрікбай деген кісі. Бұл көріністі Әбубәкір қарыда көріп, сезіп қалды. Сол уақытта Қалдыбай бақсы қол дейірменнің бір тасын Өрікбайдың басынан жоғары айналдырды. Оның басындағы тақиясы жерге ұшып түсіп шошып кетті. Сөйтіп, Өрікбай жалаңаяқ,  жалаң  бас  «Хантағы ауылы қайдасың?» деп түн мезгілінде қаша жөнелді. Сол қашқаннан мол қашып, артына қарауға мұршасы келмей «Зеңгіш ата» әулие қорымына дейін жүгіріп барады. Басының үстіндегі айналып, дөнгеленіп тұрған диірмен тас сонда ғана қалады. Құдайға кұлшылық жасап, кешірім сұрайды. Осы уақиғаны Қалдыбай бақсы қобыздың ішіндегі айнадан көріп отырған екен. Түн ай жарық болғасын барлық айнала кәдімгі күндізгідей болып көрініп түрды. Қалдыбай бақсы қобыз тартып, зікір салып, ал Әбубәкір қары Құранның қасиетті сүрелерінен кыраттап оқып таңды аттырды. Сөйтіп таң намаздарын оқып, Әбубакір қарыны алдына алуға, Қалдыбай бақсы астан дәм датуға шақырды. Асты жеп болғаннаң кейін Әбубакір қары ақ батаны ұзағынан жіберіп, ризашылығын білдіріп, Қалдыбай бақсыға және келген науқастардың тез жазылып кетулеріне шын ақ батасын берді. Ауылдарына  ертесіне қайтатын мезгіл таяна бастағанда Қалдыбай бақсы Әбубакір қарыны силап үстіне шапан жауып, басына түлкі бөрік кигізді. Қарының қасындағыларға да сый-жоралғы тарту жасап, салт дәстүрлі түрде қошамет көрсетіп шығарып салды. Әбубакір  қарыға деп бір үлкен семіз қара қошқарды бірге еріп келген еңгезердей жігіттің алдына өңгертті. Сөйтіп, екі дос әрең дегенде қоштасып құшақтасып, ажырасқан еді.

Бұл бақсы әулетінде неше жүз жыл болған қара қобыздың соңғы иесі атақты бақсы Бекжан атаның өзі батасын беріп оны 12 жасар бала Қалдыбайға өз қолымен тапсырып аманат қылған. Бұл қара қобыздың жасы 550 жылдың шамасында. Осы қобыз қәзіргі танда Қалдыбай бақсының кенже ұлы Әли тәуіптің үйінің төрінде ілулі тұр. Анда-санда баласы шаң тозаңнан тазартып, сүртіп қара қобызды көздің қарасындай сақтауда.

 

                                     Асан Сапаров,

 Кентау қалалық «Ардагер»

қоғамдық  бірлестігінің  президенті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз