Елордада түрлі жас көшеттерді отырғызу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін  Ш.Айтматов көшесі және Ұлы Дала даңғылы бойында қылқан жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың 500-ден астам көшеттері отырғызылды. «Астана-Зеленстрой» ЖШС-де атап өткендей, елордадағы көгалдандыру бойынша кешенді жоспарға сай қаланың барлық аудандарында ағаштар отырғызылады. Карантин режиміне байланысты коммуналдық қызмет жұмысшылары ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізуде, кейін осы игілікті жұмысқа қала тұрғындары да қатыса алады. Көшеттерді отырғызу кезінде арнайы технология қатаң сақталуда, сапалы отырғызу материалы пайдаланылады,сондай-ақ тұрақты суару қамтамасыз етіледі. Коммуналдық қызметтер елорда тұрғындарын жас көшеттер мен гүлдерді ұқыпты қарауға шақырады. Жалпы биыл қала аумағында 30 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылады. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында 6 млн-нан астам гүл отырғызылады

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз