Бүгін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық үш атлетті спорттан шеттеткен болатын.

Илья Ильин қазақстандық ауыратлеттер Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанлоның допинг-даудан кейін спорттан шеттетілуіне қатысты пікір білдірді.

«Арымысыздар! Көңіл-күй жақсы, қыздарға обал болды! Келесі кезекте «мен», – деп пікір білдірді қазақстандық ауыратлет.

Еске салайық, бүгін Халықаралық ауыр атлетика федерациясының Светлана Подобедованы 8 жылға, ал Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанлоны 2 жыл жарыстарға қатысудан шеттеткені туралы ресми шешім қабылданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз