Ей, арсыздар, ойлансаңдаршы!

0
567

      Белгілі айтыс ақыны Ринат Зайытов Іnstagram парақшасында: «Түркістан облысындағы дүние-мүлкі су астында қалып, зардап шеккен халықтың обал-сауабы басшыларда. 

Көктем келе салысымен жылда халқымыз жадырап, жайнап күлудің орынына су астында қалып, зар жылап, шарасыз шулайтыны біздің елде әдетті жағдайға айналып бара жатқандай. Жылда Қазақстанның әйтеуір бір-екі өңірі суға батады да жатады. Халық ақша жинайды, біз жұбату сөзін айтып, сабырға шақырамыз. Жыл сайын осы. Неге? Себебі біреу — басшылыққа бәрібір. Міне, осы арсыздардың немқұрайдылығының зардабын жазықсыз халық тартады да жатады. Әйтпесе, сол Мақтааралдың халқын алдын ала неге ескертіп, неге көшіруге жәрдем бермеді? Әттең… тістеніп отырып жазу жазудан, белсенді топқа азғантай тиын аударудан басқа қолымыздан түк келмейді… Ей, арсыздар ойлансаңдаршы. Жылда суда қалып жатырмыз ғой. Қашан әрекет жасайсыңдар? Келесі қай обылыс? Ең болмаса соны ертерек ескертіп айтыңдаршы,— деп жазып,  қалған ойын:

«Ғажаппыз»- деп жылда айтқанмен атамыз,

Бір апатқа жылда ұшырап жатамыз.
Қыс келгенде жылу таппай үйлерге,
Көктем келсе топан суға батамыз.
Жемірлерге басты уайым өз басы,
Белгілі ғой халыққа қол созбасы.
Ей, әкімдер, бұл жай ғана су емес
Бұл жазықсыз халқымыздың көз жасы…» —  деген өлең шумақтарымен жеткізіпті.

Не дейміз: « Шындыққа қарсы уәж айтудың өзі — арға сын»,— демеске амал жоқ…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.