Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

0
140

Қадірлі жамиғат!

 

Қасиетті Рамазан айында ораза тұту карантин кезінде өтті. Әлемдегі мешіттерге құлып салынды. Қалың мұсылман қауымы қажылықты да тоқтатты. Бұл әрине зор қасірет. Адамдар кесапат аурудан қырылуда. Жер бетіне үрей әкелген індеттен тек Алламыз ғана құтқарады. Жаратушы иеміздің сынағы әлі де жалғасып жатыр. Міне, асыға күткен Құрбан айт мерекесі де келіп жатты. Ел қалай құрбандық шалуды білмей сансырап тұр. Қалалардың кірер жолдары жабылды. Билік құрбандыққа шалынар малдарды әкелуге, сатуға тыйым салды. Ел абыржыды. Кім болса да мынадай қиын шақта Алла ризашылығы үшін құрбандық шалуға тырысады. Осы қиын қыстау кезеңді өздерінің жеке пендешілік мүддесіне пайдаланғандар қойдың бағасын шарықтатып жіберді. (40 мыңнан – 80 мыңға дейін) Бұл не деген сұмдық! Енді не істеуге болады, ағайын-ау?! Бірақ мерекенің аты мереке. Шалған құрбандықтарыңызды Аллам қабыл етсін, мереке құтты болсын!

Иә, шынында да қиын кезеңде де ынтымақ-бірлігінен айнымаған халқымыз қазір бір-бірін осы мерейлі де имани мерекемен құттықтап жатыр. Соның бірегейі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да барша қауымға құттықтауын жіберіпті.

Аса Мейірімді, ерекше кеңшілік иесі Раббымыз осы сынақты тезірек жақсылыққа алмастырғай. Шалған құрбандық, берген садақа, жасаған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылғай.

Алла Тағала жер бетін жұқпалы дерттен тазартып, жақсылығы мен берекетін жаудырғай. Қауіпті індеттен қайтыс болғандарды мейіріміне бөлеп, науқас жандарға шипасын бергей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.

Мешіттеріміз ашылып, жамағатпен құлшылық жасайтын күнді жақын етіп, қалыпты өмір тіршілігіне қайта оралуды жазғай! Әмин!

 

“Qazaqstan dauiri” газеті мен

“Мөлдір бұлақ” журналының ұжымы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.