АҚТАУДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

0
52

Ақтауда 33 шағынауданда орналасқан «Аққу-3» тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Эльдар Машырықов мәлім етті.

– «Ақтауда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бірнеше көп пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Атап айтсақ, 33 шағын ауданда 670 пәтерден тұратын «Аққу-3» тұрғын үйінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр», – деді бөлім басшысы.

Бұдан бөлек, 19А шағын ауданда 576 пәтерлі 7 тұрғын үй салынып жатыр. Оның ішінде жалпы ауданы 7 847,32 шаршы метрді құрайтын №37 жер учаскесіндегі 2 тұрғын үй тамыз айында пайдалануға берілмек. Ал, осы жылы қалған №41 учаскедегі бес тұрғын үйдің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, пайдалануға берілмек.

Ал, 18 шағын аудан бойынша барлығы 396 пәтерлі 8 тұрғын үй тұрғызылады. Оның ішінде №58 учаскесінде төрт тұрғын үйдің құрылысы биыл басталды. Пайдалануға 2021 жылы беріледі. Осы шағын аудандағы №25 және №28 учаскеде салынады делінген төрт тұрғын үйдің құрылысына қажетті қаржы Республикалық бюджеттің нақтылауына ұсынылды.

Сонымен қатар, 19 шағын ауданда 260 пәтерлі 4 тұрғын үй, 2015 жылы 130 пәтерлі екі тұрғын үйі пайдалануға берілді. Қалған 2 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау мақсатында қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамасы толықтай жасақталып, сараптамада қаралуда.

 

АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.