Елорданың сауда орталықтары мен ХҚКО-да дезинфекция жүргізілуде

0
78

Сауда нысандары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. «Қазіргі уақытта қалада шамамен 6,900 нысан бар, олардың барлығы дерлік дезинфекцияланды. Өңдеу тұзды ерітіндімен жүргізіледі. Кәсіпкерлер нысандарды өз қаражатына өңдейді», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы. Жақында залалсыздандыру келесі нысандарда жүргізілді: «Тұлпар» сауда кешені, Орталық базар, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы, «Ақ Бота» сауда орталығы, «Орбита» сауда үйі, «КенМарт», Asia Park, «Аружан» сауда-ойын-сауық орталықтары, «SMALL» сауда желілері, «Ailand Astana» ОДО, «Встреча» сауда үйі, Magnum (Тұран даңғылы 55), «Шарын» базары, «Sine Tempore» сауда үйі, «Рахмет» сауда үйі, «Абу-Даби Плаза», сондай-ақ авто-ХҚКО-ларды қосқанда, барлық қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары. Халыққа қызмет көрсететін барлық мекемелер, атап айтқанда, ХҚКО, банктер, қызмет көрсету орталықтары әлеуметтік қашықтық белгілерін орнатуда. Хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстанда карантинді тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды. «Шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды», – делінген Ақорда хабарламасында. Осыдан кейін карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету күтілуде. Сонымен қатар, міндетті түрде маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау және гигиена талаптары сақталады.

http://astana.gov.kz/kz/news/news/23848

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.