БҚО-да кәсіпкерлерден құралған өңірлік кеңес құрамы жаңарады

0
148

Облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің жаңа құрамын сайлау бойынша кандидаттарды іріктеу басталып кетті.

Бүгінгі таңда кеңес құрамына үміткер кәсіпкерлерді тіркеу өз мәресіне жеткен. Онлайн режимінде өтетін сайлауға қатысуға әр саладан 139 бизнес субьектісі ниет білдірген. Олардың 135-і сайлаудың келесі кезеңіне жолдама алған. Бұл туралы БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ибраимов мәлімдеді. Айтуынша, кәсіпкерлер палатасының 30 адамнан құралатын өңірлік кеңесі облыстағы шағын және орта бизнестің дамуына күш салып, кәсіпкерлік салалары бойынша жүйелік проблемаларды жоғары деңгейде шешуге атсалысады. Биыл өңірлік кеңестің жұмысын жандандыру мақсатында жаңа құрамды сайлау өткізу арқылы таңдаудамыз, – деген Бақдәулет Талғатұлы алдағы межелі төрт жылда жаңа құрам тың серпінмен жұмыс жасарына сенім білдірді. Ол үшін кәсіпкерлерді дұрыс таңдау жасауға шақырды.

 

 

Өңірлік кеңестің сайлауы ағымдағы жылдың 5-11 тамызы аралығында өтеді. Тамыздың 3-іне дейін кандидаттар сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, әріптестерін өз жоспар-мақсаттарымен таныстырады. Сайлау барысында аймақтағы әр кәсіпкер тіркелген кандидаттарға дауыс беріп, кеңестің жаңа мүшелерін таңдайды. Үміткерлер туралы барлық мәліметтер vote.atameken.kz  сайтында орналастырылған.

Сайлауға үміткер ретінде қатысуда санат бойынша шағын бизнес өкілдері көш бастаса, сала бойынша агро-өнеркәсіптік кешен кәсіпкерлері белсенділік танытқан.Әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша облыс орталығы – Орал қаласынан сайлауға түсіп жатқан 49 кәсіпкер алда тұр. Кандидаттардың арасында жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығының иелері, ЖШС, АҚ өкілдері бар.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

«Qazaqstan dauiri» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.