«Бір отбасы – бір баспана» акциясы мәреге жетті

0
22

Ұлық мереке құрбан айт, қасиетті жұма күні Жаңатас қаласының бір отбасы қуанышқа кенелді. Сарысу аудандық мешіті мен Жаңатас қаласының ерікті жастарының мұрындық болуымен осыдан біраз уақыт бұрын «Бір отбасы – бір баспана» акциясы басталған болатын. Алла сәтін салып иісі мұсылманның қасиетті мейрамына тұспа- тұс осы акция мәресіне жетті.

Бүгін, яғни маусым айының 31-жұлдызында 3-мөлтек аудан, 51-үйден екі бөлмелі пәтер алынып, орталық мешіттің ауласында екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған, өзі жұмысқа жарамсыз жалғыз басты анаға кілті табысталды. Ауданның бас имамы әуелі Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақ-мақтаулар айту керек екенін айта келіп, бұл ізгі іс-шараға ауданның немесе облыстың ғана емес бүкіл Қазақ елінің азаматтарының атсалысқанын атап өтті.

 

Бұл жерде қомақты қаржы салған ірі демеушілерсіз қарапайым оқушылар мен студенттер, зейнеткерлер, жұмысшылар әртүрлі қызметкерлер әркім шама-шарқының жеткенінше қанатымен су сепкен қарлығаштай өз үлестерін қосты. Ендеше «адамға рахыметі жоқтың Аллаға шүкірі жоқ», – деген осындай сауапты іске атсалысқан барша азаматтарға Алланың мейірімі, рақымы мен нұры, берекеті жаусын деген тілек айтты. Іс-шара карантин жағдайына байланысты сақтық шаралары сақтала отырып өткізілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.