Нұр-Сұлтанда адам көп жиналатын жерлерде – саябақтарда, тынымбақтарда, жағалауларда дезинфекция жұмыстары жүргізілді

0
110

Дезинфекция жұмыстары жаяу да, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіледе. Барлығы 32 млн 720 мың шаршы метр залалсыздандырылды. Сонымен қатар, саябақтарда, алаңдарда, бульварлар мен басқа да қоғамдық орындарда коронавирусқа байланысты қала тұрғындарының әлеуметтік қашықтықты сақтауы үшін белгілер қойылған. Сондай-ақ, маска тағу қажеттілігі туралы ақпараттық стендтер орнатылды. “Біз адам көп баратын жерлерді өңдедік. Бұл орындықтар, көше тренажерлері, ойын алаңдары, адамдар қол тигізе алатын барлық орындар. Вирус ешқайда кетпегенін түсіну керек. Барлық санитария нормаларын қатаң сақтау керек. Бұл бір мезгілде жаппай инфекцияның алдын алуға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті дезинфекторлар. Бас дәрігердің қаулысына сәйкес сауда ойын сауық орталықтарының, базарлардың басшылары өз аумағында дезинфекция жүргізуі тиіс. Қала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтау керек: маска тағып, антисептиктерді қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды.

http://astana.gov.kz/kz/news/news/23910

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.