Президент Жолдауы: мыңнан астам жас “Жасыл ел” жобасы бойынша елорданы көгалдандыруға атсалысты

0
79

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – Қазақстандағы маңызды мәселелердің бірі. Бұл туралы ҚР Президенті Қ. Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бес жыл ішінде орман қорына 2 миллиардтан астам және елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шара еліміздің көгалдануына зор үлес қосады. Сондай-ақ, ҚР Президенті қазіргі уақытта елорданың айналасындағы жасыл белдеуді ұлғайту мәселесі де маңызды екенін атап өтті.

 

 

Аталған жұмыстарды атқаруға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша арнайы компаниялардан бөлек, “Жасыл ел” студенттік құрылыс жасақтары да атсалысты.

Биылғы еңбек маусымында Нұр-Сұлтанда жұмыссыздар, студенттер және көп балалы отбасылар қатарынан 1200 жас жұмысқа орналастырылды. Олардың 731-і көп балалы отбасылардан шыққан немесе 14-17 жас аралығындағы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жастар.

 

 

Балалар жұмыс жасайтын арнайы киіммен қамтылған. Көлемі 11 502, 2 га болатын Жасыл белдеуде жұмыс істеді. Сонымен қатар, олар қаладағы жасыл алаңдарға қамқорлық жасап, 275 350 тал мен қайың, ұсақ жапырақты шырша, қарағай, көктерек, шие, терек көшеттерін қопсытып, суарды.

“Жасыл ел” жобасына қатысқан ересек топтағы жастар қаланың құрылыс нысандарында жұмыс істесе, жасы кішілер саябақтарда, скверлерде, қаланың оқу орындарының маңындағы аумақтарды көгалдандыру және жинаумен айналысты.

 

http://astana.gov.kz/kz/news/news/24325

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.