ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ 65 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

0
53
Түркістан облысы Жетісай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 65 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 662 999,1 мың теңге қаралған. Осы арқылы 182 жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделіп, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 124 адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрады.
Бүгінде 65 жобаның құрылыс жұмыстары басталса, оның 25-сі аяқталып, жоспар 61,2 пайызға орындалып отыр. Пайдалануға берілген 25 жобаның 22-сі әлеуметтік, мәдениет және білім салаларына қатысты нысандарға жатады. Онда ғимараттардың ішкі санитарлық жүйелері жөнделіп, унитаздар ауыстырылған және 2431 шақырым жерге аяқ жол төселген.
Қалған 3 нысан инженерлік-көлік инфрақұрылымдарға жатады. Яғни, кентішілік және ауылішілік жолдар қайта жөндеуден өткізілді.
Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан мердігерлер карантин рижиміне байланысты тиісті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз еткен.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.