Алтын ұя мектебімізде балалардың күлкісі естілсін!

0
207

Ұстазым менің, ұстазым! Қандай пенде болсын ұстаздың алдынан өтпей бірден кәмелет жолына түспейді. Қарапайым ғана ұстаздың құдіреті де осында! Сондықтан бұл қасиетті де қастерлі мамандық. Ата-анадан кейін ең құрметті, ең аяулы жандар – осы ұстаздар.

Жыл сайын қазан айының басында келіп, миллиондаған ұстаздарды мерейлі шаққа бөлейтін бұл мерекенің орны алабөтен. Әрине, өзге мамандықтардың да арнаулы мерекелері бар. Бірақ ол мерекелер жаппай тойланбайды. Жас болсын, қарт болсын бұл мерекеде жүректері лүпілдеп, тебіреніп, толғанып алғаш рет әліппені үйреткен ұстазып еске алады. Сыныпқа жасқана кірген балдырғанды жылы жүзбен қарсы алған осы ұстазыңды қалай ұмытарсың?! Одан кейінде мектеп қабырғасында оқығанда қаншама ұстаздар талмай, ерінбей шәкірттерін білім нұрымен шомылдырып, тарыдай балапанды таудай етіп тәрбиелеп шығарады. Рақмет, рақмет сізге, ұстаз!

Иә-ә, тоқсаныншы жылдардағы ауыртпалық мектептің де шаңырағын шайқалтты. Шайқалса да алтын ұя мектеп құлаған жоқ. Рас, көптеген ұстаздар басқа салаларға кетті. Мамандығын, балаларын, мектебін өте жақсы көретін жандар ғана қалды. Қиындыққа шыдады, болмашы айлықпен күн көрді. Бірақ шыдады. Енді мінеки сол ұстаздарға билік соңғы оншақты жылдың белеңінде қамқорлық жасай бастады. Тамаша мектептер салынды. Жалақы көбейді. Қазір бұл мамандықтың мәртебесі өсті.

Ұстазым, менің ұстазым! Апай, ағай, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Үнемі қуанып жүріңіздер. Біз, шәкірттеріңіз де сіздерді ұмытпаймыз. Сіздерге бар жақсылықты тілейміз. Сіздер жәй адамдар емессіздер. Періште көңілмен болашақты тәрбиелеп жатырсыздар. Мынау қиын күндер бітіп, мектепте балалардың шат күлкілері естілсін!

 

Зор құрметпен

«Qazaqstan dauiri» газеті мен

«Мөлдір бұлақ» журналындағы шәкірттеріңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.