Желідегі жүздесу

0
240

Оралдағы әлеуметтік орталық мамандары қызмет алушылармен онлайн-кездесу өткізді.

Атап айтқанда, қашықтан ұйымдастырылған кеңесті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы ұйымдастырды. Басты мақсат – қазіргі елді елеңдетіп отырған пандемияға қатысты қызмет алушылармен байланыста болып, туындап отырған мәселелерін шешу жолдарын қарастыру және психологиялық көмек көрсету.

Қызмет алушылар бір мезетте әлеуметтік желі арқылы қашықтықтан үйден әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының мамандарына жүрекжарды лебіздерін білдірді. Сонымен бірге өздерін бүгінгі күні толғандырып жүрген сұрақтарды ортаға салды. Желідегі жүздесуге қатысушы қызмет алушылар белсенділік танытып, өздерінің ризашылықтарын білдірді.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.