Пара ұсынғандар әшкереленді

0
264

Биылғы 18 қазанда Орал қаласында полиция қызметкерлеріне пара беруге қатысты екі факті тіркелді деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтсақ, сол күні түнгі уақытта 1976 жылы туғанақтөбелік азамат «МАЗ» маркалы көлігін шаһардағы «Ел ырысы» базары аумағындағы «Тоқтап тұруға тыйым салынады» жол белгісінің тұсына қойған. Осы аймақта қызмет сапында жүрген Орал қалалық ПБ ППБ взвод командирі жүргізушіге жол тәртібін бұзғаны туралы ескерту жасап, хаттама толтырылатынын ескерткен. Көлік иесі сақшыға хаттама толтырмауы үшін 1000 теңге номиналмен 2000 теңге пара ұсынған.

Екінші дерек күндізгі уақытта тіркеліп, «Ауди» көлігін тізгіндеген азаматжол ережесін бұзған. Көше қиылысындағы бағдаршамның тыйым салынған белгісіне мән бермеген жүргізушіні қалалық ПБ ППБ инспекторлары тоқтатқан. Ал ол әкімшілік хаттама толтырмау үшін полиция қызметкеріне 5000 теңге пара ұсынған.

Жоғарыда көрсетілген пара беру фактілеріне кінәлі тараптар айыптарын мойындады. Жалпы жыл басынан бері Орал қалалық ПБ және БҚО Полиция департаменті ӨҚБ қызметкерлері бірлесіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша облыста пара берудің 33 фактісі анықталған.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

«Qazaqstan dáýiri» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.