«Шалдар дәуірі» әлі біткен жоқ

0
91

78 жасында Байден АҚШ президенті болып сайланды дей ме?
Қайтеміз,  құттықтаймыз! Әлі де «бір атары» бар екенін дәлелдеді қасқа!
90 пайыз дауыс алғанға үйреніп қалған қазаққа, Байденнің жеңісі біртүрлі көрінетінін шамалаймын… Бірақ шындық осы!
Иә, көп қазаққа АҚШ арман ғой.
Онда өмір сүру,  қаржылық жағдай, адамға құрмет бәрі бар, жан рахаты деседі.
Ең кереметі – демократиясы дейді білетіндер.
Президентінің  қандай труси кигені,  қайда қонғаны,  не ішіп, не жегені бәрі айқын,  бәрі анық. Бұл  ашық айтылады,  ашық жазылады.  Халық бәрін көріп, бәрін біліп отырады.
Бұл кей елдерге қиял-ғажайып ертегі ғой…
Мен ойлаймын: біздің елде көшеге шығып алып «Шал кет, шал кет!» дейтіндер енді ойланатын шығар.
Өйткені «шалдар дәуірі» әлі біткен жоқ.

Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.