50 жылдан соңғы кездесу

0
331

Қаппар Жақсымов жетпістен асқан, көпшіліктің, ауылдың аса қадірлі, сыйлы ақсақалдарының бірі. Қазір балаларының, немерелерінің шуағына бөленіп, жайбарақат жүретін жаста болғанмен ауылдағы ас, той мәселелерін ұйымдастырып, ылғи көш бастап, жастарға жол көрсетеді. Жақында ол кісінің өмірінде елең еткізер оқиға болды. Елу жылдан кейін әскерде бірге болған «қанды көйлек» досымен кездесті. Олар Кеңес өкіметі кезінде Ресейдің Забайкалье өлкесінде әскер қатарында отандық борышын өтеді. Қимас достар еді. Рахмет Үрбисенов ер мінезді азамат-тын. Ол танкіге қарсы артиллерия батальонінде, ал Қапекең жаяу әскер қатарында қызмет етті. Әскери қызметтегі достық тамыры терең кетеді.

 

 

Иә, олар әскери өмірді аяқтаған соң қимай қоштасты. Одан бері елу жылдай уақыт өтіпті. Бір-бірінен көз жазып қалған екі дос жарты ғасырдай уақыт бірін-бірі іздеді. Ақыры тапты. Рахмет ағамыз қазір Маңғыстауда тұрады. Қызылордадан келген бір азамат Қапекеңді біледі екен. Жақында Рахең досын іздеп келіп досының үйінде бір апта жатты. Қос достың айтар әңгіме, сырлары көп еді. Қаппар ағамыздың балалары, туған-туыстары Рахаңның аяғын жерге тигізбеді. Қонаққа шақырды. Тағы да қимай қоштасу. Енді Қаппар ағамыз Маңғыстауға бармаққа жиналып жатыр.

Қаппар мен Рахмет ақсақалдар тамырын тереңге жайған қос бәйтерек сияқты. Қапекеңнің 3 ұл, 2 қызынан тараған 11 немересі бар болса, Рахеңнің 1 ұл, 3 немересі бар.

 

Ертай Айғалиұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.