Екінші кезеңге үміткерлер іріктелді

0
56

Праймериздің екінші кезеңіне депутаттарды іріктеу мақсатында «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының XXVIII конференциясы өтті деп хабарлайды партия филиалының баспасөз қызметі. 

Қалалық партия филиалының төрағасы Абат Шыныбеков конференцияның күн тәртібімен таныстырып, праймериздің алғашқы кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныс-өтініштер негізінде жасалған Орал қалалық филалының сайлауалды бағдарламасын бекітті.  Конференция барысында праймериз дебаттары арқылы үміткерлерге дауыс беру, қалалық мәслихат депутаттарын сайлау үшін жетекші партиядан партиялық тізімнің бекітілуі және облыстық конференцияға делегаттар тізімін ұсыну туралы ақпараттар тыңдалды.Кезектен тыс қалалық конференция праймериздің екінші кезеңіне өткен қатысушылар арасындағы жария пікірталастармен жалғасты.

 

 

Филиалдың баспасөз қызметі мәлімдегендей, праймериздің алғашқы кезеңінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 460 үміткер  қатысуға өтінім берген. Дауыс берудің  төрт күнінде партияның облыстық филиалы бойынша мүшелерінің 22903-і, яғни 85%-ы дауыс беруге белсенді  қатысқан.  Партия мүшелерініңкөпшілігі онлайн жүйесіндедауысберген.

Ал Орал қаласы бойынша праймериздің екінші кезеңіне өткен 44 үміткердің жетеуі  партияның қалалық филиалы төрағасының квотасы бойынша сайланса, қалған 37-сі жинаған ұпай рейтингілері бойынша сайланды. Облыстық мәслихаттағы партиялық тізімдер мен Мәжілістегі партиялық тізімге үміткерлерді анықтайтын «Nur Otan» партиясының аймақтық конференциясы 17 қараша күні өтеді.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

«Qazaqstan dáýiri» газетінің

БҚО бойынша меншікті тілшісі

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.