Жалған хабарлама үшін…

0
202

Оралда жалған ақпарат таратқан азамат енді 2,6 жыл уақытын темір тордың ар жағында өткізетін болды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында белгісіз тұлға «102» телефон нөміріне облыс орталығындағы  «Сити Центр» сауда үйінде «жарылғыш зат» бар екені жөнінде хабарлаған. Алайда бұл хабарлама жалған болып шығады. Құқық қорғау органдары арқылы жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, жалған ақпарат берген белгісіз тұлға анықталды. Нәтижесінде 31 жастағы қала тұрғынына Орал қаласы сотының шешімімен «терроризм актісінің дайындалуы» туралы жалған ақпараты үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы, 1-бөлігімен үстіміздегі жылдың маусым айында 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылған.  Сонымен қатар жалған хабарлау кезінде кеткен барлық шығындарды төлеуге міндеттелді.

Еске сала кетсек, осы жалған хабарлама барысында «Сити Центр» СҮ-нен 1700-дей адам эвакуацияланып, полиция және төтенше жағдай қызметтерінен 100-ден астам қызметкер осы шараға жұмылдырылған.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Батыс Қазақстан облысы

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.