Қарабах иесіне қайтты

0
402

Соғыс – саясаттың жалғасы. Саясат – салқын соғыс, Соғыс – ыстық саясат. 44 күнге созылған Әзербайжан-Армения соғысы 10 қарашада тараптар келісімімен бір-бірін атқылауын тоқтатты. Ыстық соғыс аяқтады. Енді өткен тарих ретінде өз көзқарсымызды қортындылауымызға болады. Яғни соғыс дайындығы, соғыс барысы және соғыс нәтижесі бойынша талдау жасалады. Соғысқа екі елдің де дайындығы жаман емес секілді көрінді. Себебі бұдан бұрын да шекарада қақтығыстар жиі қайталанып тұрған болатын. Тек басшылыққа алған көзқарастарындағы ұқсамаушылық бірден көзге шалынады. Армения Кеңес әскерінің инерциясына сенген сияқты. Әрі сол ескі үлгі бойынша қаруланған. Соғыста артиллерия, ауыр техника, танк және жеңіл қарулы, таулы жерде ұрыс жүргізуге жаттыққан соғыс рухы берік солдаттарына сенді. Әзербайжан Түркия арқылы НАТО-лық жаттығудан өткен, жаңа дрон және басқа жаңа қарулармен қаруланған, туған топырақтарын жау қолынан азат етуге бекінген, 28 жылдың алдында тапталған намыстарын, кеткен есесін қайтарып алуға құлшынған намысты жігіттеріне сенді. Нәтиже де дрондардың бақылауы мен соққылауы астында қалған армяндар жеңіске деген сенімдерін соғыстың алғашқы күндерінде-ақ жоғалта бастады. Оның үстіне 3 млн халық пен 10 млн халықтың, 14 млрд-қа толмайтын ішкі жалпы өнім мен 50 млрд-тан астам ІЖӨ салмағын таразылаған адам соңғы нәтижені аздап болса да болжаған болар еді… Заманымызда мемлекеттер арасындағы жер таласы халықаралық заңдар, өзара мойындау және зорлықты күш арқылы шешім табады.

Қарабах Әзірбайжан жері екені халқаралық заңмен БҰҰ-да бекітілген . Армениядан өзге ешбір елдің оған күмәні жоқ. 1990 жылдары басып алынған Әзірбайжан жерінде құрылған Арцах республикасын да Армениядан және өздерінен де ешкім танымаған, оны Оңтүстік Осетия, Абхазиядан өзгелер мойындаған жоқ. Ендігі шешім қарумен, өзара ұрыспен шешілетін еді. Ұрыста тұрыс жоқ. Соғыс басталғаннан-ақ екі ел халқының жұдырықтай жұмылуы, насихаттары екеуінің де толық ұлттық мемлекет дәрежесіне көтерілгендігін әйгіледі. Өз тілдері, діндері ата-баба жерлері үшін күресіп жатқандарын бар даусымен дүниежүзіне жариялады. Армяндар өздерінің христиан әлемінің бір бөлшегі екенін, «мұсылмандармен, Түркиямен тіпті Сириядан келген лаңкестермен соғысудамыз» деп байбалам салды. Бар мақсаттары Ресей мен Түркияны қақтығыстыру, сол арқылы өз мақсаттары Арцахты сақтап қалуға тырысты. Әрине, Ресей өз мүддесіне сай келмесе, біреудің мүддесі үшін оқ пен отқа кіре қоймасы анық.

Әзірбайжан да барлық үгіт машинасын іске қосты. Әлемдік БАҚ-тардың алдында бейбіт қала Ганжаға атылған армян зымырандарын әшкерелеу арқылы, онсыз да үстем тұрған моралдық позициаларын тіпті де нығайта түсті. Армяндар шегіне-шегіне Шуша қаласынан айырылды. Енді соғысты тоқтатпаса Ханкенттен (степангерт) де айрылып, орасан шығынға бататынын білді. Білді де, Пашинян ең соңғы мүмкіндігін пайдаланып, Ресейдің ара ағайындығымен соғысты тоқтату келісіміне қол қойды.

Енді «Кім ұтты? кім ұтылды?» дегенге талдау жасайық. Әзербайжан тарапы мақсатына жетті. Арцах республикасы толық жойылды. Таулы Қарабах және Армения басып алған аудандарын өздеріне қайтарып алды. Анкылапта қалған армяндардың Армениямен қатынау құқығын Азербайжандардың Нахчиван анкылабына қатынау құқығына теңестірді. Армения-Арцахтан толық айрылды. Шуша қолдан кеткен соң Степангертте қанды қасаптың жалғасуының алдын алған келісімге қол қойуының өзі жеңіс саналуы керек. Осы арқылы Лашын коридорынан қатынау құқығын, болашақтағы Қарабах мәдени автономиясын сақтап қала алды. Өз күшіне емес, өзгеге сенудің қауіпті екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді…

Енді бейбіт күндегі саясат салқын соғыс басталады. «Әзірбайжандар азат еткен аудандардың инфрақұрылымын қалпына келтіріп, «оралмандарын» орналастыру мәселесін қалай шешеді? Армяндарға қаншалықты мәдени автономия береді? Армениядан қандай соғыс шығынын талап етеді? Біздің ойымызша армяндар бұлардың ешқайсысынан бас тарта алмайды. Тек араағайындар арқылы өздеріне жеңілдік жасауға тырысуы мүмкін.

Біздің жер шары деген әлеміміздегі әрбір кішкене қақтығыста да ірі елдердің стратегиялық мүддесі жатады. Қарабах соғысында Түркия мен Ресей өз мүдделерін ашық көрсетті. Келісім нәтижесінде Түркияның ұтқаны: Нахчиван-Әзірбайжан каридоры арқылы бай энергия көзіне; Каспий арқылы жалғасып жатқан түркі бауырластарына төте жол салғаны. Ресейдің ұтқаны- оңтүстік Кавказға әскерлерін орналастыруға, сол арқылы оңтүстік шекарасының қауіпсіздігіне ыңғайлы орай тапты. Ерекше назарда болатыны кезекті қақтығыстардың соңғы нәтижесі Таулы Қарабахтың Абхаз, Осетин сценариімен дамуына орай тумағаны еді. Таулы Қарабах мәселесі сол сценаримен кетер болса, бұл болашақта да шешімін табуы қиын күрделі дауға айналуы әбден мүмкін.

Соңында екі ауыз сөз бізбен қатысы жөнінде. Қазақстанның стратегиясы көпвекторлы саясат десек те, біз үшін бауырлас түркі елдерінің ықпалдастығы пайдалы болмақ. Салқын соғыс саясат майданында жеңбеген ұлт ыстық соғыста ешқашан жеңіске жете алмайды. 30 жыл тәуелсіздікте қаншалық ұлттық тұтастыққа жеттік? Қаншалық экономика құра алдық? Ықтимал дағдарыстарға қаншалықты дайынбыз? Сұрақ көп, жауап аз.

 

Азат Кәрімұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.